Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-11
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Қазақстандықтарды борышкерлік қақпаннан қалай шығаруға болады?

267
ngs24.ru

Статистика бойынша, 2018 жылы тұтынушылық несие бойынша борышкерлер саны 5 млн-нан асқан.

Еңбекке жарамды әр қазақстандық банктерге 2 айлық жалақы қарыз

Ал егер тек қарыз алушылар саны бойынша есептесек, онда несие жүктемесі миллион теңгеге жуық.

Айфон қалаймын!

Шын мәнінде бұл сандар тым өрескел емес, бірақ ойланатын тұсы да бар. Әсіресе егер тұтынушылық несиеге сұраныстың жоғары екенін есепке алатын болсақ. Яғни борышкерлік қақпанға түсіп қалу қаупі жоғары. Мұнымен бірдеңе істеу керек. Бірақ дәл не істеу керектігі әлі белгісіз.

Экономист Айдархан Құсаинов бұл сұраққа басқа қырынан қарап көруді ұсынады. Бір нәрсені түсінуіміз керек:

тұтынушылық несиемен күрес — бұл себебімен емес, салдарымен күрес

— Бұл Жапонияда да орын алуы мүмкін еді. Бірақ онда жұрт мұнымен өз бетінше күреседі, себебі өз ақшасын дұрыс жаратуды біледі. “Қанша тұрса да айфон аламын” деген қайдан шығады? Бұл адамның өз бюджетін басқара алмауының салдары, — деп есептейді ол.

Жалпы отандастарымызда қаржылық сауаттылыққа аса мән бермейді. Және, Құсайыновтың пікірінше, мәселе акциялар мен облигациялар сияқты қаржы нарығының құралдары жайында емес.

Өз бюджетіңді басқара алу қабілеті төмен,

оны жоспарлап, шығыс пен кіріс жайлы есеп жүргізе алмайды.

— Бізде мәселе қаржы нарығының жұмысына байланысты емес, жинақтау мәдениеті жоғына байланысты, – дейді ол.

Экономистің пікірінше, тұтынушылық несиенің артуы дәл осыған келіп тіреледі. Мысалы, адам несие бойынша қанша пайыз төлейтінін есепке алмайды. Және бұл сатып алу оның бюджетіне “сыймайтынын” түсінбейді.

Ақша үнемдеуді қалай үйренуге болады?

Құсайыновтың пікірінше, менталитетті өзгерту керек. Ал ол үшін соған сәйкес ақпараттық кеңістік түзу қажет.

— Себебі адам әрдайым несиеге өмір сүруі тиіс сарынындағы трансляциялар – бұл дұрыс емес бағыт. Бұл біріншіден, – деді Құсайынов.

Ал екіншіден, шығындарды қысқартуға емес, табысты арттыруға талпыну керек. Бұған қоса, жоғарыда айтып өткендей, отбасының үйлестірілген бюджетін құра білу керек. Міне, сол кезде қалғанының барлығын адам өзі жасай алады.

— Барлығы қаржылық сауаттылықты тіке қабылдайды: несиелер мен депозиттерді есептеп үйрену. Бірақ әңгіме ол туралы болмауы керке. Адам үйлестірілген бюджеттің құндылығын түсінгенде, қалған ақпаратты өзі-ақ тауып алады, себебі ондай ақпарат жетіп артылады, – деп есептейді экономист.

Ал әзірше мұндай идея жоқта (немесе ол басты құндылық болып табылмайды), қанша лекция оқысаң да, семинар өткізсең де — одан пайда жоқ.

Мемлекетке сен, бірақ өзің де қарап отырма

Сарапшы Кирилл Стариков, сауаттылықты арттыруды мектеп бағдарламасынан бастау керек деп есептейді. Балаларға ата-анасы мектептегі түскі асқа беретін ақшадан бастап, “өз шығындарыңа жауапкершілік алуды” үйрету.

— Мұндай міндетті мектептерде психологтар атқара алуы мүмкін,

— деп есептейді ол.

Қазірде жинақтау/инвестиция жасау жайлы көптеген әдебиет бар.

— Мысалы тәуекел мәселесін олар бұл процестің маңызды бөлігі деп есептемейді. Көп жағдайда адам несие алғысы келгенде, қалаған сомасын аламын деп қана ойлап тұрады, – дейді Стариков.

Бұдан өзге, бұл буынның ойлары тек бүгінгі мақсат-мүддемен ғана шектеледі. Мысалы, бүгінгі тамаққа қайдан ақша тапсам деген сияқты.

Дегенмен, сарапшы болашаққа сеніммен қарайды. Егер, әрине, жастармен 10-15 жыл қарқынды жұмыс істейтін болса.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз