Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстандықтар кезектен тыс сайлау туралы шешімді күтті – әлеуметтанушы

192
Фото: Sputnik

Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының атқарушы директоры Юлия Кучинская осындай пікір білдірді.

— Халық арасындағы реакция оң деп ойлаймын, себебі бұл мәселе әлеуметтік желілер мен БАҚ-та бұрыннан талқылануда. Екіұштылық жағдай кейбір пайымдауларда қисынсыздық пен бейбірекеттік тудырды. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев алға жылжу, экономиканы дамыту және сыртқы серіктестермен қарым-қатынасты нығайту үшін сайлау қажеттігін атап өтті.

Сарапшының айтуынша, сайлау саяси белгісіздік жағдайына тән жағымсыз үрдістерді жоққа шығарады.

— Әрине, кезекті сайлауды күтуге де болатын еді, алайда екіұштылық жағдай нығая түсуші еді. “Уақытша” дегеннің өзі, меніңше, жағымсыз жағдай. Бұның салдары теріс нәтижелерге, ойланбай істелген әрекеттерге әкелуі мүмкін. Сондықтан кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім өте дұрыс және уақтылы, сондай-ақ Қазақстанның дамуы, өсуі және бейімделуі үшін маңызды.

Сонымен қатар, Кучинская атап өткендей, жаһандық үдерістерге қатысу үшін елде ішкі тұрақтылық қажет.

— Халық бұл шешімді күтті. Халықтың мемлекет басшысына өзінің сенім мандатын беруі өте маңызды. Ол ел дамуының бағытын анықтап, оны халықаралық алаңдарда таныстырады, – деп түйіндеді әлеуметтанушы.

9 сәуірде Мемлекет басшысы өзінің халыққа жолдаған үндеуінде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жариялады: сайлау 2019 жыл 9 маусымға белгіленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз