Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қазақстандықтар енді селфидің көмегімен несие рәсімдей алады

Ақылды жүйе тіпті егіздердің өзін ажырата алады екен. Тәжірибелі хакерлердің өзі алдап кете алмайды. Жобаның пилоттық нұсқасы Ресейдің ең ірі төрт банкіне енгізілген.

“Біз бұл бағытқа бәрібір барамыз. Біздің әріптестер қазірдің өзінде бірқатар қадамдар жасап қойды”, – деді банктың басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

Ал киберқауіпсіздік бойынша сарапшылар, суреттерді әртүрлі жолмен өңдеу арқылы алаяқтықтың жаңа түрі пайда болуы мүмкін дейді.

“Қазірдің өзінде бір адамның бетін басқасымен ауыстыратын технология бар. Демек хакерлер суретті әлеуметтік желіден алып, банкке ұсына салуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде пин-код, құпия сөз, смс секілді қосымша шаралардың қабылданғанын қалаймын. Болмашы қолайсыздықтың кесірінен жаппай клиенттердің есепшотындағы ақшалар ұрлануы әбден мүмкін”, – дейді кибершабуылдарды зерттеу және сараптама жасау орталығының президенті Олжас Сатиев.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз