Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстандықтар бір айдың ішінде 351 млн доллар сатып алған – валюта нарығының трендтері

220
Сурет: Лори фотобанкі

Қазақстандықтар тағы да валютаны белсенді сатып ала бастады. Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылғы маусымда айырбастау пункттерінің бес негізгі валютаны (доллар, еуро, рубль, Фунт стерлинг және юань) таза сату (сату минус сатып алу) көлемі 193,4 млрд теңгені құрады.

Бұл соңғы үш айдағы ең жоғары нәтиже, бірақ ол бір жыл бұрынғы деңгейден әлдеқайда төмен. Мәселен, 2019 жылғы маусымда президенттік сайлау мен жедел девальвация туралы қауесет тараған уақытта қазақстандықтар шетел валютасын сатып алуға  492,6 млрд теңге жұмсады.

Бұл өсім, сондай-ақ 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында карантиндік көрсеткіштердің төмендеуі бір жыл ішінде таза сатудың бір жарым есе төмендеуіне әкелді. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы көлем 1,4 трлн теңгеден асты, бір жылдан кейін – 927,6 млрд болды.

Долларға деген сұраныс қалыпқа келуде

Доллар ортақ трендті анықтайды, егер америкалық валютаға деген сұраныс артып кетсе, әдетте, валюталардың жалпы таза сатылымы да өседі. Маусым айында ҚР азаматтары сатып алуға сатудан түскен қаражаттан 141,5 млрд теңге артық (мамыр айында – 109,1 млрд) жұмсады.

Орташа айлық бағам бойынша бұл халықтың қолында бір айда 351,7 млн доллар жиналғанын білдіреді. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш тек бір рет – наурыз айында теңге әлсірегенде  ғана жоғары болды (433,1 млн).

Алайда, аймақтарға байланысты әртүрлі жағдай орын алған. Екі аймақта негізгі өсім байқалады:

  • Алматыда нетто – сату 20,3 млрд теңгеге (60 млрд теңгеге дейін)
  • Алматы облысында –  16,6 млрд (24,6 млрд дейін) өсті.

Бір қызығы, Алматы облысында мұндай сұраныс деңгейі кем дегенде 2018 жылдың басынан бері болған емес. Мысалы, 2019 жылы орташа айлық көрсеткіш 1,9 млрд теңгені құрады. Яғни, қазір өңірдегі сұраныс өткен жылдың деңгейінен бірнеше есе жоғары.

Қызылорда облысы — америкалық валютаға сұраныс ерекше жоғары деңгейде тұрған тағы бір өңір. Маусым айында мұнда таза сату 6,4 млрд теңгені құрады. 2,5 жыл ішінде тек бір рет қана көрсеткіш осы мәнге жақындады. Мамыр айында өңір тұрғындары доллар сатып алуға сатудан түскен қаржыдан 7,9 млрд теңгеге көп ақша жұмсады. 2019 жылдың орташа деңгейі бір айға шаққанда 2,5 млрд теңгеге төмен.

Сонымен қатар:

  • Нұр-Сұлтанда АҚШ долларына сұраныс төмендеді. Мамырмен салыстырғанда нетто-сату көлемі үш есеге, 10,4 млрд-тан 3,3 млрд-қа дейін төмендеді;
  • елорда мен Қызылорда облысынан басқа,  тағы алты өңірде (Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) төмендеу байқалады. Яғни, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі халықтың америкалық валютаға қажеттілігі төмендеді.

Солтүстікте рубльге сұраныс төмендеген

Барлық валюталардың ішінде рубльге қатысты қызықты тенденциялар  байқалады. Бірінші тренд: рубль қазір бұрын сұраныс жоғары болған жерде сатып алынбайды. Сонымен,

  • Қостанай облысында  тұрғындар үшінші ай қатарынан рубльді сатып алғаннан гөрі сатқанды жөн көреді. Маусым айындағы көрсеткіш – минус 123,4 млн теңге. 2019 жылдың қорытындысы бойынша орташа айлық нетто-сату көрсеткіші – 6,6 млрд теңге;
  • Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында рубльге деген сұраныс сәуірдегі құлдыраудан кейін қалпына келе алмады. Бірінші нетто-сатылымда үш айда 919,9 млн теңге болды (орташа айлық деңгей 2019 – 4,3 млрд), екіншісінде – 2,6 млрд (5,9 млрд);
  • Шымкентті айырбастау пунктері маусым айында ресейлік валютаны 189 млн теңгеге артық сатып алды. Бұл қала республикалық маңызы бар мәртебеге ие болған сәттен бастап ( яғни 2018 жылдың жазынан бастап) алғаш рет орын алды.

… бірақ оңтүстікте сұраныс артқан

Екінші тренд-әдетте танымал болмаған аймақтарда рубльге сұраныстың күрт өсуі. Атап айтқанда, елдің оңтүстігінде.

  • Қызылорда облысында халық рубльді сатып алғаннан гөрі, сатуға тырысты, бірақ карантин басталған кезде тенденция күрт өзгерді. Маусым айында таза сату көлемі 3,7 млрд теңгені құрады –  бұл осы аймақты бұрын соңғы болмаған жағдай.

Атап айтар болсақ, тек екі облыста ғана бұдан жоғары көрсеткіш тіркелді.

  • Олардың бірі – Жамбыл облысы, рубльге деген сұраныс алты ай қатарынан артып келеді. Маусым айындағы көрсеткіш – 5,3 млрд теңге. Бұл салыстырмалы түрде жоғары деңгей: 2019 жылы 4,8 млрд теңге болған.
  • Түркістан облысында да рекорд орнатылды – 2,8 млрд теңге. Бұл аймақ пайда болған сәттен бастап ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар, Атырау (3,1 млрд теңге – 2018 жылдың қарашасынан бері қарайғы ең жоғары көрсеткіш) және Маңғыстау (3,2 млрд – соңғы 2,5 жылда осымен екінші рет) облыстарына сұраныс артып келеді. Жалпы, маусым айының қорытындысы бойынша отандастарымыз рубль сатып алуға 38,6 млрд теңге жұмсады. Алты аймақта Ресей валютасы осы көрсеткіш бойынша доллардан басып озды.

Нарықта тағы қандай қызықты өзгерістер болып жатыр?

  • Еуроның таза сатылымы біртіндеп өсуде. Маусым айындағы деңгейі –  12,7 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғы деңгейден (41,2 млрд) немесе жыл басындағы орташа көрсеткіштен (орта есеппен қаңтар-ақпанда – 21,5 млрд) әлдеқайда аз. Бірақ наурыз (3,7 млрд), сәуір (2 млрд) және мамырда (7,5 млрд) айларындағы деңгемен шамалас.
  • Алматы еуроның таза сатылымының жартысына жуығын (6,2 млрд теңге)  қамтамасыз етіп отыр. Мамыр айымен  салыстырғанда бес аймақта сұраныс төмендеген. Алайда, Түркістан және Алматы облыстарында керісінше, кем дегенде соңғы 2,5 жыл ішінде болмаған ең жоғары деңгейге жеткен.
  • 2020 жылдың басынан бастап алғаш рет қазақстандықтар юань сатып ала бастады. Маусым айында таза сатылым көлемі 48,7 млн теңгені құрады. Өткен бес айда  қытайдың халық валютасын 1,2 млрд теңгеге жуық сомаға сатып алған. Барлық таза сатылымның 92%-ын Алматы қамтамасыз етті.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз