Нұр-Сұлтан
Қазір
26
Ертең
14
USD
522
0.00
EUR
602
0.00
RUB
6.65
0.00

Қазақстандық ұшқыш курсанттар үлгілі тәртібі және оқу үлгерімімен көзге түсті

Жеңісті жақындатуға үлес қосқан қазақстандық батыр ұшқыштарды ұмытпауымыз керек. Олардың қатарында – Талғат Бигелдинов, Байзулла Әкіжанов және Хиуаз Доспанова бар. Ал Нүркен Әбдіров 1942 жылы Ростов облысындағы әуе шайқасында жанып жатқан ұшағын жау танктері шоғырланған колоннаға бағыттап, әлемдік авиация тарихында батыр ретінде мәңгілікке есімі қалған.

Самара облысында орналасқан Сызрандағы тікұшақ училищесі 80 жылдан астам тарихы бар оқу орны. Бұл оқу орнын тек Ресей емес, шетелдік курсанттар да тәмамдап, жоғары дәрежелі ұшқыш-техниктер атанып жатыр. Бір бөлігі лейтенант атағын алып, жоғары біліммен тәмамдайды, ал қалғаны тікұшақ технигі мамандығын меңгеріп, техникалық қызмет көрсетуді үйренеді.

Аталған филиал Сызран жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесі (СВВАУЛ) ретінде көбірек танымал. 1940 жылы құрылған оқу орны 1998 жылы институт ретінде қайта ұйымдастырылды. Ал 2010 жылдан бастап Жуковский мен Гагарин атындағы ӘӘК әскери оқу-ғылыми орталығының филиалына айналды. Қазіргі таңда училищеде 10 кафедра, зертханалар, арнайы кабинеттер мен авиажаттығу құрылғылары жұмыс істейді.

Бұл оқу орнында Қазақстан, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Қытай, Чад, Вьетнам, Гвинея, Бурунди, Ангола, Руанда, Камерун, Лаос, Джибути, Мали, Шри-Ланка, Ливия, Моңғолия, Судан және Никарагуа елдерінің әскери мамандары дайындықтан өтеді.

Бұл училищенің түлектері БҰҰ-ның бейбітшілік миссияларына қатысып, Вьетнам, Ангола, Тәжікстан, Югославия, Сьерра-Леоне, Судан және өзге де елдерде қызмет етті. Училищеде Ми-8 және Ми-24 тікұшақтарымен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Осы оқу орнын тәмамдаған жүздеген тікұшақ ұшқышы бүгінде Қазақстан Қарулы күштерінің қатарында қызмет етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз