Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандық — ұлтқа қатысты ғана айтылатын сөз емес – ҚСЗИ сарапшысы

301

Қазақстан азаматтарының бірегейлігін қалыптастыру — күрделі және ұзақ процесс, өйткені адамдар өздерін әр тұрғыда көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының саясаттанушы және бас ғылыми қызметкері Ирина Черных мәлімдеді.

Бірыңғай азаматтық ұлт үшін

— Бір жағынан, өзін Қазақстан азаматы болып сезіну — табиғи құбылыс. Екіншіден, өзінің этникалық тобының, конфессиясының және тұрғылықты жерінің өкілі болу сезімі де — қалыпты. Осы сияқты көптеген ұқсастықтар болуы заңды. Және осылардың бірін адам әртүрлі жағдайларда азды-көпті көрсетіп жатады, — дейді ол.

Черных 2014 жылғы қыркүйекте ҚСЗИ-дің «Әлеуметтік қауіпсіздік контекстіндегі Қазақстанның негізгі этностарының идентификациялық моделдері» тақырыбымен өткізген жаппай сауалнамасының деректерін мысалға келтіреді.

— Сауалнама нәтижесінде 2000 адамның

41,2%-да азаматтық бірегейлік немесе өзін қазақстандық сезінуі басым болған.

Ал 47,6%-да этникалық басымдық сезілген. Бұл ретте сауалнамаға қатысушылардың 74,1%-ы Қазақстанда бірыңғай азаматтық ұлттың құрылуын қолдайтынын көрсеткен. Бұл барлық қазақстандықтардың ұлтына қарамастан жүйе құрушы халық болуы тиіс екендігін көздейді, — деп атап өтті ҚСЗИ сарапшысы.

Ирина Черных, сурет Казинформ

Көкейкесті мәселелер желіде талқыланады

Бұл, оның пікірінше, қоғамда этникалық жіктелудің маңыздылығы төмендегенін көрсетеді. Бұл ретте:

  • кедей-бай,
  • қала-ауыл,
  • модернистік және дәстүрлі

сияқты сәйкестендіру критерийлері маңызға ие болған.

Сонымен қатар, Ирина Черныхтың бақылауы бойынша, сәйкестендіру мәселелерін талқылау онлайн-кеңістікке көшті.

— Мысалы, олар Қазақстандағы ЛГБТ-қоғамдастығының мәселелерін қозғайды, – дейді саясаттанушы.

Шеткі аймақтардың өзіндік бірегейлігі бар

Сонымен қатар, халықтың белгілі бір топтары мобильділікке бет бұрып, шетелге кету мәселесін жиі қозғайды. Бұл өз кезегінде жаңа өмір салты мен мінез-құлық үлгісін қалыптастырады.

– Бүгінде трансұлттық бірегейлікті қалыптастыру — жаңа тренді белең алуда. Бұл көбінесе Қазақстанның шекара маңындағы аудандарына (елдің солтүстігі мен оңтүстігіне), сондай-ақ этникалық және діни әртүрлілік сақталатын облыстарға тән. Бұл өңірлерде әртүрлі мемлекеттерге тиесілі халық тұрақты түрде өзара қарым-қатынаста.

Адамдар көрші мемлекетті бөтен мемлекет ретінде қабылдамайды.

Мысалы, Қазақстанның және Өзбекстанның солтүстік облыстарында көрші елдің дүкендерінде сауда жасау, басқа мемлекеттің аумағында жұмыс істеу, сондай-ақ «көршілерге» қысқа мерзімді демалысқа бару немесе жоғары білім алу практикасы таралған. Сонымен қатар, Қазақстанға азаматтық ел ретінде бейілділік пен адалдық сақталуда, — деп атап өтті Черных.

Бірлікті нығайту

Қазіргі бірегейлікке көпсубъектілік тән. Бір адам әр түрлі идентификациялық топтарға қатыстылығын сезінуі мүмкін. Яғни, Қазақстан азаматтығы бар адамдармен немесе православтық немесе ислам әлеміне тиесілі дүниелермен бірегейлік.

— Бұл тұрғыда Астанада шоқыну рәсіміне қатысты мессенджерлерде таралған бейнеролик жақсы мысал бола алады.

Бейнероликтің бір қызығы, ойыққа православтар да, қазақтар да түскен, ал жанында біреу «Аллаһ Акбар» деп айқайлаған.

Бұған әр тұрғыдан қарауға болады. Бірақ біз көпұлтты ортада өмір сүріп жатқандықтан көптеген мұсылмандар үшін шоқыну мерекесі қалыпты қабыланады, — деп атап өтті ол.

Бірегейліктің жаңа модельдері

Сондай-ақ, саясаттанушы дәстүрлі бірегейліктермен қатар (этникалық және конфессиялық) жаңа идентификациялық топтардың қалыптасуын атап өтті. Олар белгілі бір құндылықтар жүйесін ұстанады, ортақ мүдделерімен бөліседі және белгілі бір мінез-құлық үлгісін көрсетеді. Мысалы, бұл хипстерлер немесе басқаша айтқанда «креативті сынып».

— Мұндай құрылымдар, әдетте, жоғарыдан ұсынылатын жастар қозғалыстарына еш қатысы жоқ

және қазіргі саяси құрылымдар мен институттармен басқарылады, — дейді ҚСЗИ сарапшысы.

Ирина Черныхтың ойынша, жаңа сәйкестендіру топтарын қалыптастыру барысында ұрпақтар сабақтастығын да ескермеуге болмайды.

Біреулер үшін «ұят», ал біреулерге азаттық символы

Ақпарат алу арналарын таңдауға жас факторы әсер етеді. Бір ақпаратты жастар мен ересектер әртүрлі қабылдайды. Егер ересек буынға дәстүрлі сана тән болса, жас ұрпақ заманауи тенденцияны тез қағып алады.

— Бұл тұрғыда Айжан Байзакова мен Ширин Нарчаеваларды қабылдаудың әралуандығы мысал бола алады.

Егер кемелденіп келе жатқан буында бұларға қатысты теріс көзқарас қалыптасқан болса, жастар оларды еркіндік пен азаттық белгісі ретінде оң қабылдады. Алайда дәстүрлі әдет-ғұрыпты ұстанатын жастар арасында да оларға қарсы тұрғандар болғанын айта кету керек. Бұған қосымша зерттеуді қажет ететін басқа да факторлар әсер етті, — дейді Ирина Черных.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз