Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Қазақстандық тауарларды 119 ел сатып алады

113

2019 жыл басы есебімен өңдеу өнеркәсібінде 14,7 мың кәсіпорын жұмыс істейді. 2010 жылы индустрияландыру бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап, олардың саны 30%-өсті, – деп хабарлайды inform.kz.

Тұтастай алғанда, индустриялық өндіріс бойынша көрсетілген кезеңде кңбек өнімділігі 3,5%-ға артты. Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 27%-ға өсті. Атап айтқанда, 2018 жылы негізгі капиталға 6,6 трлн теңге инвестицияланды.

2010 жылы жалпы құны 1,3 трлн теңге болатын 100-ден астам жоба пайдалануға берілді. 13 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

2019 жылы шамамен 1,1 трлн теңгеге 120 жоба енгізіледі деп күтілуде. 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында экспорт 26%-ға 54,7 млрд долларға дейін өсті. Қазақстан шетелге подшипниктер, аккумуляторлар, трансформаторлар, вагондар, хром оксидтері мен гидроксидтерін, тыңайтқыштар, өсімдіктер дезинфекциялау құралдарын, фосфинаттар, цемент, металл құрылымдар, мақта-мата иірімжіп, күнбағыс және рапс майын, құбырлар, рельстерді сатады.

2018 жылы қазақстандық экспортпен 119 ел қамтылды. 2021 жылға қарай бір ғана өңдеуші өнеркәсіптің өнімін шығару 720 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Қазақстан 600 кәсіпорын өнімдерін экспорттайтын болады (2018 жылдың қорытындысы бойынша — 411).

Қазақстан Египет, Әзірбайжан және Өзбекстанға вагондарды, локомотивтерді, доңғалақ жұптарын, рельстерді сататын болады. Грузия, Беларусь, Моңғолия және Әзірбайжанға — автомобиль өнеркәсібі өнімдерін. Тоқыма материалдарын — Корея Республикасына, ал тәттілерді — Германияға.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз