Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстандық шоу-бизнестегі ең қамқор әке — Болманов

321

Бірнеше сағат ішінде роликті 70 мыңға жуық пайдаланушы бағалады. Қызына гүл салуды үйретіп жатқан әншінің видеосы көпшілікті сүйсіндірді. Ал Қарақат Әбілдина қыздары өмірге келгеннен кейін өмірлері түбегейлі өзгергенін мойындады.

“Қыз бала әкесіне жақын болады” – деген рас екен, алғаш тілі “әке” деп шықты. Ұлдарына көліктің суретін салатын Қыдекең қазір гүл салатын болды. Ашық-шашық шауып жүретін ағалары жинақы жүретін болды.

Аяланың келуімен үйде біраз дүние өзгерді. Менің ешкім ұстамайтын әшекей-бұйым, косметикаларымды осы күндері орнынан таппайтын болдым. Кіп-кішкентай тіршілік иесі қаншама жүректерге бақыт сыйлап жүргенін сезер ме екен…” – дейді Қарақат Әбілдина.

Естеріңізге сала кетейік, төрт ұлы бар Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов бірнеше жыл қыз баланы армандаған болатын. 2017 жылы олардың арманы орындалып, бесінші рет ата-ана болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз