Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

2019 жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау бола ма? Саясаттанушылар пікірі

2384

Шынында да, бұл күнде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұрақ  сарапшылар қауымдастығының арасында, соның ішінде Астанада да белсенді талқылануда деп хабарлады 31 телеарна.

Көптеген саясаткерлер 2019 жылы қазақстандықтар президентті жаңа мерзімге сайлайды деп сенеді. Ал Елбасының халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге үлкен көңіл бөлінген соңғы бастамалары бұған сенімділік береді.

Мұнда, кем дегенде коммуналдық тарифтердің құнын төмендету туралы үкімін алсақ та болады. Сондай-ақ, сарапшылар Орталық сайлау комитетінің қабырғаларында дау-жанжалдар да туындау мүмкін екенін айтады.

«Егер сайлау процесі ресми түрде іске қосылмаса, ол жақсылап пысықталып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы жүйелі түрде жиналады. Сондай-ақ, сайлау комиссиясы құрамының жаңартылғанын көріп отырмыз. Ал

бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың жақын арадағы демалысы кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар, біз Президенттің жоғары белсенділігін көріп отырмыз»,- дейді саясаттанушы Данияр Әшімбаев.

Саясаттанушылар бұл тақырыптың сыбырға айналуы да, мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттілігі туралы шулы бастама болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бұл идея дәстүрлі түрде парламентшілер, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» немесе қоғам қайраткерлері тарапынан ұсынылуы мүмкін.

Егер себептері туралы айтатын болсақ, бұл биліктің әлемдік нарықтағы тұрақсыздықтың көрінісінде алға шығуы болуы мүмкін. Тағы бір себебі – бұл жүйенің заңдылығын растау және Орталық Азия аймағындағы мәселелер аясында елдегі саяси тұрақтылықты көрсету.

«Мұнда Астанадағыларды, талдамалық қоғамдастықтағылар мен сыртқы ойыншыларды және инвесторларды қазіргі Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын өткізілетін сайлауға қатысады ма деген басты және негізгі сұрақ қызықтырып отыр. Бұл негізгі және басты қызығушылық және ол әлі белгісіз»,- дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Әрине, қазіргі президентпен кімнің бәсекелесе алатыны бәрін қызықтырады. Қазіргі уақытта әлеуетті кандидаттар бар ма? Мұны ешкім білмейді. Сонымен қатар, ОСК сайлаудың жаңа кезеңі туралы ақпаратты ресми түрде растамады. Ал қолданыстағы Конституцияға сәйкес, Қазақстан президенті 5 жылдық мерзімге сайланады.

Ал келесі жоспарлы сайлау 2020 жылдың көктемінде өтуі керек. Бірақ, бұл айтарлықтай шартты мерзім. Себебі, біз президентті екі рет мерзімінен бұрын сайладық. Бұл соңғы рет 2015 жылдың көктемінде болды. Сондықтан 2019 жыл саяси түрде белсенді болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз