Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстандық олимпиадашылар дене шынықтырудан онлайн бейнесабақтар өткізеді

375
Сурет: оlympic.kz.

Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков пен «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов қол қойды. Қашықтан білім беру жүйесі студенттер мен олардың ата-аналарының қалыпты өміріне айналды. Жобаның негізгі идеясы да бүкіл әлемдегі қазіргі жағдаймен тікелей байланысты. Сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтары да онлайн кеңістікке көшірілді.

— Қазіргі жағдайды ескере отырып, өзіміздің де, балаларымыздың да денсаулығын сақтау өте маңызды. Қашықтан оқыту барысында оқушылар күнделікті өмірін монитор алдында өткізеді. Физикалық белсенділік азайғандықтан баланың толық дамуына әсер етеді. Сондықтан, Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті және біздің олимпиадашылар дене шынықтыру сабағын өткізуге практикалық көмек ұсынады. Айта кетерлігі, бұл шын мәнінде кез-келген спортшының мансабындағы алғашқы қадам болып отыр.

Біз чемпион болу балалық шақтан басталады деп жиі айтамыз. Сондықтан балалардың денсаулығын жан-жақты дамытуға бағытталған осындай жобаны бастау туралы шешім өте маңызды қадам болып табылады. Біздің бастамамызды қолдағаны үшін kundelik.kz сайтына алғыс айтамыз және бірлескен жоба тек мектеп оқушылары арасында ғана емес, сонымен бірге бүкіл елдегі дене шынықтыру мұғалімдері арасында оң көзқарасқа ие болады деп сенеміз, — дейді Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков.

Жобада Қазақстанның үздік спортшыларының қатысуымен дайындалған дене шынықтыру бойынша бейнематериалдар бар. Арнайы сабақтар әзірлеу үшін білім беру жүйесінде көпжылдық тәжірибесі бар кәсіби әдіскерлер, дене шынықтыру мұғалімдері, орта мектептерде балалармен тікелей жұмыс істейтін дәл осы дене шынықтыру бойынша мұғалімдер тартылды.

— Біз Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетімен стратегиялық серіктестікке өте ризамыз және біздің елімізде дене шынықтыруды және спорттық медиа-контентті кеңінен тарату үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Қазақстан біздің спортшылардың әлемдік ареналардағы жетістіктерімен мақтан тұтады және біздің ойымызша, бұл ақпаратты жас ұрпаққа – Қазақстанның барлық мектептерінің оқушыларына заманауи креативті технологиялар арқылы жеткізу өте маңызды. ҰОК-пен бірлесе отырып, біз әрбір жас азамат үшін дене шынықтыруды дамытудың маңыздылығына арналған дене шынықтыру сабағын және әртүрлі спорт түрлеріндегі мамандандырылған жаттығуларды оқытудың заманауи әдістеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде бейне сабақтар топтамасын шығаруды қолға алдық.  Жоба барысында қатысушылар құрметті чемпиондарымыздың өмір жолы мен жетістіктерінен хабардар болады, — дейді «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов.

Бірінші кезең екінші академиялық тоқсаннан басталады. Осы кезеңде жетекші қазақстандық спортшылар тәжірибелі мұғалімдердің нұсқаулығымен балалардың жас және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, дайындық сабақтарының сериясын ұсынады.

Келесі кезең оқу жылының үшінші және төртінші тоқсанына жоспарланған. Бұл кезеңде әртүрлі олимпиадалық спорт түрлеріндегі мамандандырылған жаттығуларға баса назар аударылады.

Әрине, даңқты спортшылар балаларға жақсы үлгі бола алады. Сондай-ақ,  атақты спортшылар өздерінің осы жобаға қатысуға өте ынталы болды. Олимпиадашылар балаларға қашықтықтан оқыту кезінде белсенді болуға, дене шынықтыру мұғалімдеріне практикалық көмек көрсетуге және қазақстандық спорттың болашағына үлес қосуға әрдайым дайын.

— Бұл Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің бастамасымен қолға алынған өте керемет жоба. Біз, спортшылар, осы жобаға қатысуға қуаныштымыз. Қазіргі жағдайда спорттың рөлі, оның біздің өмірімізге әсері артып келеді. Біздің балалар қашықтан оқиды, гаджеттермен көп уақыт өткізеді. Осы жобаның арқасында біз де олардың интернеттегі уақыты пайдалы болады деп үміттенеміз. Олимпиадалық комитеттің дене шынықтыру бойынша қолға алған сабағы осыған көмектеседі, — деді грек-рим күресінің балуаны Алмат Кебіспаев.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті жоба аясында балаларды осы сабақтарға қызықтырып, ынталандыру үшін әр түрлі жарыстар мен іс-шараларға үлкен көңіл бөледі. Мектеп оқушылары Қазақстанның олимпиадалық отбасының бірегей сыйлықтарын ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, ағымдағы оқу жылында елдің жетекші спортшыларының вебинарлары өткізіліп, олар өздерінің жетістікке жету сырлары туралы әңгімелеседі.Барлық бейне сабақтар kundelik.kz білім беру платформасында және Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетінің Youtube каналында қол жетімді болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті Олимпиадалық хартияға сәйкес Олимпиадалық қозғалысты дамыту және қорғау, Қазақстан аумағында құрмет, достық олимпиадалық құндылықтар насихаттау мақсатында құрылды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің тағы бір мақсаты – жоғары дәрежедегі қазақстандық спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау арқылы Қазақстан Республикасында спорт түрлерін қарқынды дамыту.

Kundelik.kz — мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға, білім беру ұйымдарының әкімшілігіне, сондай-ақ білім беру органдарының өкілдеріне арналған бірыңғай электрондық білім беру ортасы. Білім беру ұйымдары үшін электрондық құжат айналымының мүмкіндіктерін және білім беру процесінің барлық қатысушылары, атап айтқанда, мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар арасында әлеуметтік желі құралдары біріктірілген автоматтандырылған білім беру ақпараттық жүйесі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз