Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстандық менталитет дамуға кедергі келтіреді: оны қалай өзгертуге болады?

Көшелердегі тазалық, жолдардағы тәртіп. Бүгінгі таңда бұл біздің қоғамның екі негізгі “қасіреті” және шын мәнінде ауыр тақырып. Әлемдік пандемия азаматтарды ішкі туризмге көшуге мәжбүр етті. Енді анықталғандай, мәдени және экологиялық таза демалуды бізде адамдардың көбісі біле бермейді.

Өкінішке орай, әр түрлі деңгейдегі ескертулер де, өнегелі мысалдар да, ар-ұят пен саналылыққа шақыру да көмектеспейді

Жол ережелерін сақтауға, жалпы жолдардағы өзін-өзі ұстауға қатысты да жағдай қиын. Және бұл жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де қатысты. Әзірге көлік санатына жатпайтын түрлі құрылғыларды басқарушылар туралы айтпағанда.

Бізден кейін тіпті су тасқыны болса да…

Біріншісінде де, екіншісінде де жағдай сындай, бұл салалар шұғыл ретке келтіруді қажет етеді. Әйтпесе, көп ұзамай барлық табиғи алқап қоқысқа көміліп, жолдардағы апаттар, адам өлімі және жарақат алу саны арта түспек.

Осы екі саланы қаншалықты бір-біріне ұқсамаса да, оларды біріктіретін бір нәрсе – «Ұсталмаған – ұры емес» және «Бізден кейін, тіпті су тасқыны болса да, маған бәрібір» деген қағидаттар бойынша заң бұзу фактілері. Өкінішке орай қазір ел тұрғындарының көпшілігі осы қағиданы ұстанады.

Көптеген адамдар өзінің табиғат аясында немесе қала ішінде тастаған кішкене қоқысынан ештеңе бола қоймайды деп ойлайды. Құқық бұзушылықтар үшін ақталудың бір түрі – «өте қатты асығыс едім, қоқыс жәшігіне апаруға үлгермедім» және т.б. Немқұрайлылық, дөрекілік, өзімшілдік, әдепсіздік және инфантилизм.

Бірақ азаматтар осындай болуы керек пе? Мұндай менталитетпен біз, әрине, алысқа бармаймыз және әрине, біз өзіміз табандылықпен ұмтылатын әлемдегі жетекші елдердің бірі бола алмаймыз. Өйткені, өркениетті қоғам құру үшін ең алдымен өркениетті азаматтар қажет – саналы, біртұтас, ойы жинақы, патриот және өз еліне  шынымен қолдау білдіретін.

Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқәлемде дәл осындай мемлекеттер жетістікке жетеді

Қазіргі кезде біздің елде байқалып отырған менталитеттің бұл түрінен әлемнің көптеген жетекші державалары орта ғасырларда өткенін мойындау керек. Бұл жағынан біз жүздеген жылға қалып қойдық. Бірақ біртіндеп өзгеруге уақыт жоқ, өйткені қазіргі әлем тез өзгеріп, жылдам дамуда. Бұл бәсекелестер жарысында менталитетті өзгерту бізге көмектесуі тиіс.

Сонымен, ой-өрісті тез өзгерту үшін не қажет? Әрине, ең бастысы мүлде  басқада. Біріншіден, еліміздің азаматтар өздерін уақытша тұрғын, жалға алушы және уақытша жұмысшы ретінде емес, өз елінің нағыз қожайыны ретінде сезінуі керек.

Ол үшін басқару, тарату және заңдылық жүйесінде көп нәрсені өзгерту керек. Жоғары әділдік, теңдік және шынайы демократияға негізделуі тиіс.

Өзгерістер болған кезде біздің адамдардың көпшілігі нағыз патриот болып, мемлекет өмірінің көптеген салаларына деген көзқарастарын өзгертеді. Соның ішінде жолдардағы мінез-құлық сипаты мен ережелері. Бірақ бәрі өзгермейтінін есте ұстаған жөн. Жалған әлемдік реформаларды күтпей, өзгертуді және өзгеруді қазірден бастау керек.

Қалтаға ұру

Және мұндай жағдайда ескі дәлелденген «ақшамен жазалау» әдісі алдыңғы қатарға шығады. Негізінде табиғат, көшелер ластанады және жол ережелері: «Мені ешкім көріп тұрған жоқ, тәртіп бұзуға болады, бәрібір ол үшін ешкім жазаламайды» деген оймен бұзылады. Шынында да солай.

Бірақ егер тәртіп бұзушыны сотта және басқа инстанцияларға босқа уақытын кетіргенін айтпағанда, оны көріп, ұстап, содан кейін ауыр айыппұлмен жазаласа, онда көпшілік бұл туралы ойланатын болады. Және олардың бұл әрекеттерін қайталауы екіталай. Өйткені соңында, салынатын айыппұл шексіз өсе береді.

Ұсынылған тазалау схемасының ауыр әрі тиімсіз көрінгеніне қарамастан, ол қарапайым және қолайлы. Ең бастысы, бұл өте тиімді. Ең негізгісі – қоршаған ортаны қорғау, экология және жол жүру ережелері саласындағы кейбір қолданыстағы заңнаманы түзету.

Ең алдымен

қоршаған ортаны ластағаны үшін және жол ережелерін қасақана бұзғаны үшін айыппұлдарды едәуір арттыру қажет

Негізі дәл осы жағдайларда қасақана әрекет жасалады. Яғни, заңдарды елемеу және қоғамды менсінбеу. Бірінші кезекте дәл осымен күресу керек.

Бірақ полиция қызметкерлерін, экологтар мен табиғат сақшыларын барлық жерге қоя алмаймыз. Дәл осы себепті «Сергек» жүйесі де тиімсіз. Олардың көру аймағы шағын,

жүргізушілер камералардың орналасқан жерін тез есте сақтайды және ол жерлерде ереже бойынша жүреді. Бірақ олар “Сергек” жоқ жерде ережелерді бұзады

Яғни, көзбояушылық жасап, өтірік күреседі. “Сергек” кешенінде елдің заңсыздық жиі орын алатын жолдарында тәртіп орната алмайды.

Не істеу керек?

Табиғат пен жолдарды тез тазарту үшін мыналар ұсынылады:

  • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамаға және ЖЖЕ-не өзгерістер енгізу (айыппұлдардың елеулі ұлғаюын және олардың тәртіп бұзудың қайталануы кезіндегі еселенуін қоса алғанда)
  • бұзушылықтарды мониторингілеумен айналысатын саналы, парасатты және жауапты азаматтарды біріктіретін ІІМ-нің бақылауымен жеке ұйым құру. Оларды “шериф”, “рейнджер” немесе жай “азаматтық патруль”деп атауға болады
  • мұндай азаматтарға жоғарыда көрсетілген салалардағы тәртіп бұзушылықтарды жасырын фото- және бейнетіркеу бойынша өкілеттіктер келісілген нысанда берілетін болады
  • заңдармен бекітілген айыппұлдың 20-30%-ы, оны төлегеннен кейін тәртіп бұзушылықты тіркеген адамға сыйақы ретінде беріледі
  • тәртіп бұзған және оны түсірген адамдар арасында қарым-қатынасқа қатаң тыйым салынады. Жазалау және айыппұл салу туралы барлық шешімдер Бірыңғай процессингтік орталықта жүзеге асырылады және мемлекеттің бақылауында болады.
  • табиғаттағы тәртіп бұзушылықтарды фото және бейнетіркеудің кез келген құрылғыларына түсіруге болады. Ал жол қозғалысы ережелерін бұзу – азаматтар өздері сатып алатын сертификатталған бейнетіркеуіштермен түсіріледі.

Осылайша, ұсынылған жүйе қысқа мерзімде ешқандай бюджеттік шығындарды талап етпестен, табиғатта да, жолдарда да тәртіпті нақты, тиімді және қолайлы түрде жүргізе алады.

Кез-келген ықтимал тәртіп бұзушы оны кез-келген уақытта түсіріп алуға және жазалауға болатындығын білсе, көптеген адамдардың мінез-құлқы тез арада өзгере бастайды. Ал бюджет қосымша ақша ағынына ие болады.

Нәтижесінде, көп ұзамай біз таза табиғат мен қауіпсіз жолдарға қол жеткіземіз. Иә, «қалтадан ақша шығару» бәріне ұнай қоймайды. Бірақ, өкінішке орай, көптеген мемлекеттердің мысалында бұл шара ең тиімді екенін көрсетті. Қажет болған жағдайда барлық айтылған ұсыныстар үшін егжей-тегжейлі әзірленген тұжырымдамалар мен түсініктемелер бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз