Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстандық коммерциялық емес ұйымдар табыс табуды үйренеді

Жоба ережелеріне сай грант – қызметі әлеуметтік қызмет көрсетуге немесе халықтың әлеуметтік осал топтарына жұмыс орындарын құруға бағытталған КЕҰ ғана беріледі.

Жоба «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында Ақмола, Ақтөбе,Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады. Гранттардың мақсаты – ел өңірлерінде әлеуметтік кәсіпкерліктің мәдениетін дамытуды ынталандыру болып табылады.

Жобаға қатысу үшін үміткерлер 2018 жылдың 12 шілдесіне дейін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми сайтындағы www.sk-trust.kz онлайн сауалнаманы толтыру керек. Сауалнамаларды қарағаннан және іріктегеннен кейін, қатысушылар өңірдің облыс орталықтарында өткізілетін тренингтерге шақырылады. Тренинг нәтижесінде үміткерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша курсқа қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталады. 

Жобаның соңғы кезеңінде үміткерлер өздерінің бизнес жобаларын қорғайды. Үздік бизнес жоба иелері өз кәсібін одан әрі дамытуға 500 000 теңге көлеміндегі грантқа ие болады. Сонымен қатар, 9 ай бойы жоба әкімшілері грант иегерлерінің бизнес жобасының тиімділігі мен қаражаттың мақсатты қолданылуын қадағалайтын болады.

Анықтама

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған. Бағдарламаны өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қауымның өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына, яғни, әлеуметтік ортаға, білімге, мәдениетке және спортқа қолжетімділігін арттыру жолдары арқылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

«Менің елім» бағдарламасы Қордың компаниялар тобы бар аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар сериясын біріктірді, онда еншілес ұйымдар қала құрушы компаниялар болып табылады. Бағдарламаның басты миссиясы өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларының деңгейіне дейін көтеру.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз