Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандық кинематографиядағы 12 сұлу бейне

1749

Лидия Ашрапова (Лола Абдукаримова) “Қыз-жігіт” (1955) фильмінде.

Жылқышы Ғалия “Қыз-жігіт” фильмінде романтикалық бейнені өжет мінезбен үйлестіруге болатынын көрсетті. Сонымен қатар актрисаның тәж іспеттес өрімі сол кездің бейнесін тамаша аша білді.

Гүлфайруз Исмаилова “Ботагөз” фильмінде (1957)

Гүлфайруз Исмаилованың орындауындағы мықты әрі қайсар Ботагөз нағыз қазақ қызының сұлулығын көрсеткендей.

Раиса Мұхамедиярова “Менің атым Қожа” (1963) фильмінде

Қатал әрі талапшыл ұстаздың рөліндегі Раиса Мұхамедиярова көрерменді биязылығымен, сымбаттылығымен баурап алды.

Баян Әділова “Алдар көсе” (1964)

“Сұлулық — қарапайымдылықта” — Баян Әділованың Қарлығаш рөліндегі образын дәл осылай сипаттауға болады.

Торғын Тасыбекова “Ән қанатында” (1966) фильмінде

Торғын Тасыбекованың орындауындағы әнші Сабира қазақ қызының сұлулығы мен нәзіктігі символы іспеттес.

Шолпан Алтайбаева “Тақиялы періште” (1968) фильмінде

Қазақша Твигги бейнесі ұзақ жылдар ел есінен кетпейтіні анық.

Меруерт Өтекешова “Қыз Жібек” (1970) фильмінде

Сұлу Жібектің аңызға айналған бейнесі жастық пен қайсарлықтың көрінісі іспеттес.

Наталья Аринбасарова “Нан дәмі” (1979)

Қазақ Покахонтасы — ҚазақССР-нің басты сұлуы Наталья Аринбасарова Кәмшат рөлінде.

Галина Шетенова “Ғашық балық” (1989) фильмінде

Абай Қарпықовтың драмасындағы Галинаның батыл образы көпшіліктің есінде қалды.

Әсия Бақбергенова “Қозы Көрпеш Баян сұлу” (1992) фильмінде

Баян сұлудың нәзік те өжет бейнесі көпшіліктің жүрегін жаулап алған еді.

Роза Джаманова “Вокал параллельдері” (2005) фильмінде

Сопрано иесінің қазақ фильмдерде бұрын-соңды болмаған әдеттен тыс бейнесімен тарихта қалды.

Гүлшарат Жұбаева “Келін” (2009) фильмінде

Гүлшарат ерекше бейнесімен фильмнің көргін келтірді десек артық айтпағанымыз болар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз