Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандық ғалымдар ғылыми зерттеулерін коммерцияландыруға көшпек

155

Сарапшылардың пікірі бойынша ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру экономикалық өрлеуге және Қазақстанның ғылымы мен техникасының дамуына оң әсерін тигізеді.

Форумға қатысушылар Қазақстанның туристік кластерін дамытудағы ғылыми әдістерін ұсынды. Жас ғалымдар аталған салаға инвестиция тартуға қатысты пікір алмасты. Шетелдік туристер үшін Қазақстанның курорттық орындарының флорасы мен фаунасын зерттеу бойынша жаңа бағдар құру туралы ұсыныс жасалды.

Сондай-ақ ресейлік Мәскеу, Санкт-Петербург, Омск, Новосибирск, Екатеринбург, Магнитогорск қалаларының ғалымдары екі ел арасындағы траншекаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

«Модернизация жағдайында ірі тақырыптарға әртүрлі мамандарды қатыстыру қажет, оларды бір елден табу мүмкін емес»,- деді
РФ Ғылым академиясы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Леонид Котельников.

Одан кейін Қазақстанның жас ғалымдары екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға ықпал ететін ресейлік және қазақстандық орасан зор электрондық коммерция интернеті арасында бірыңғай онлайн алаңын құру идеясын ұсынды. Бұдан басқа, ол екі ел арасындағы тұтынушыларға өнімдерді аренда үшін және сауда алаңдарының сервисі үшін шығын шығармай өз бағасымен сатып алуға мүмкіндік береді. Сарапшылар платформа тауар айналымын 75 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізе алады деген пікір айтты.

«Біз бір орында орналасқан көптеген ресейлік және қазақстандық интернет-дүкендерін бірыңғай интернет-алаңын құрғымыз келеді. Ол ресейлік, сондай-ақ қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін бір жерде сата алады деген сөз», деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Махмұт Томанов.

Форум соңында тараптар бірлескен Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесін құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз