Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстандық әпкелі-сіңлілі альбиностар өздерінің сұлулығымен әлемді тамсандыруда

502

Екеуінің жас аралығы 12 жас болғанына қарамастан генетикалық ерекшелік Әсел мен Камилаға да берілген. Әселдің інісі бар, ол ешқандай ерекшеліксіз туылған.

Әпкелі-сіңлілі Қалағановаларды ерекше деп айту аздық етеді. Олардың сырт келбеті ғажайып әдемілікке толы. Басқалар қанша айтса да жағымсыз немесе басқа бір теріс әсер қалдыратын ешнәрсе жоқ.

Әселдің өзі оған теріс көзқараспен қарайтындар аз дейді, керісінше барлығы осындай ерекше қызға ұзақ қарап, кейбіреулері тіпті бірге суретке түсуді сұрайды екен.

Мектепте де оның сырт келбетіне жақсы пейілмен қарайды. Әселдің достары өте көп, олар құрбыларының намысына тиіп, мазақтау туралы ойламайды да.

Дегенмен бұндай келбеттің кемшіліктері де бар: Әселдің көзі нашар көреді, күн көзі оған теріс әсер етеді. Осыған байланысты қыздар үнемі күннен қорғайтын кремдерді пайдаланады…

Әсел мен Камиланың анасының айтуынша, олардың отбасында  альбинизммен туылған бірінші балалар емес. Альбиностардың тууылу жиілігі бойынша статистиканы ескеретін болсақ (20 мың адамның біреуі) бұл шынымен де ерекше жағдай.

Әрине Әсел осындай келбетке ие бола отырып, моделдік мансаппен айналысу ұсынысынан бас тарта алмады. Оған тіпті музыкалық клип түсіріліміне түсу туралы ұсыныс білдірген.

Әпкелі-сіңліліредің ортақ парақшасында бүгінгі таңда 47 мың фолловерлері бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз