Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-11
USD
525
+1.07
EUR
553
+2.48
RUB
5.14
+0.13

Қазақстандық актриса Канн фестиваліне қатысып, қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті (фото)

265

Айтпақшы аталған кинофестивальге Құралайды франциялықтардың өздері шақырған екен.

 

 

“Француздың Méridien de Paris компаниясының шақыруы – мен үшін күтпеген жағдай болды.

Қазақстанның атынан фестивальдің ашылу салтанатында қызыл кілемнің үстімен жүріп өту мәртебесі бұйырды. Әрі біздің елімізден алғаш болып, голливуд және Еуропа жұлдыздарымен бірге шықтым. Сондықтан қобалжып тұрмын, мұның қандай үлкен жауапкершілік екенін түсінемін”, – деген Құралай Францияға тек камера объективіне түсу үшін бармағанын айтты.

 

 

https://kaz.365info.kz/khas-sylu-eken-kanelo-ajgili-anshinin-ajelin-tartyp-alypty-foto-268873

“Шын мәнінде мені бірнеше маңызды кездесу мен келіссөз күтіп тұр. Қазақстандық кинонарық пен мамандарға назар аударып жатыр. Ойымдағыны іске асырамын деп үміттенемін”, – дейді Анарбекова.

 

Құралай аталмыш шараға даниялық дизайнердің көйлегін киіп шыққан.

 

 

“Отандық дизайнерлермен жұмыс істеймін деп ойлаған едім. Бірақ уақыттың тығыздығынан Қазақстанда көйлек таңдап үлгермедім. Бұл орайда қарсы тарап маған көмекке келді. Маған көпшілік Изабель Кристенсенмен жұмыс істеуге кеңес берді. Ол – даниялық дизейнер, оның Лондон мен Монакода өкілдіктері бар. Оның клиенттері арасында Пэрис Хилтон, Кейт Уинслет, Виктория Бэкхем, Николь Кидман мен Монако ханшайымы бар”, – дейді Құралай.

 

 

https://kaz.365info.kz/keti-topuriya-zhelige-zhartylaj-zhalanash-suretin-salyp-basy-dauga-khaldy-foto-314348

Айта кетейік, Францияның Канны қаласында өткен дәстүрлі кинофестивальге Димаш Құдайберген мен Санжар Мәдиев те қатысқан болатын.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз