Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

“Қазақстандағы жемқорлық Африка елдерімен бірдей” – Transparency International

233

Қазіргі таңда жемқорлық пен парақорлық елімізде қалыпты жағдайға айналған сыңайлы. Күнделікті жемқорлыққа барып, пара алған шенділердің қамауға алынғаны туралы ақпаратты баспасөз беттерінен оқып, телеарналардан көріп жатса да, “көкелеріне” сенген кейбір бейбақтар қалтасына көк тиын түспесе, жұмыстан үйіне қайтқылары жоқ.

https://kaz.365info.kz/nyrsyltan-nazarbaev-elimizde-oryn-algan-atyshuly-zhemkhorlykh-okhigalaryna-tokhtaldy-254745

Қазақстан 180 мемлекет қамтылған индексте аймақ бойынша Қырғызстан (135), Ресей (135), Өзбекстан (157), Тәжікстан (161) және Түркіменстаннан (167) озып тұр. Қазақстан 2016 жылғы есепте Иран, Непал, Ресей және Украинамен бірге 131-орында тұрған еді.

Алайда Transparency International (TI) халықаралық ұйымының  есебі бойынша Қазақстан 2017 жылы тоғыз орынға жоғарылап, 122-орынға бірақ көтеріліпті.

Иә, Орталық Азияда алдына жан салмаған еліміздегі жемқорлық деңгейі Африканың бірнеше еліндегі ахуалмен бірдей. Атап айтқанда, дәл осы 122-ші орынды Қазақстанмен бірге Джибути, Либерия, Малави, Мали сынды мемлекеттер бөліскен.

Ал, Чехия (42), Грузия (46), Хорватия (57), Румыния (59), Черногория (64) және Беларусьтің (68) индекс бойынша көрсеткіштері Қазақстанмен салыстырғанда, әлдеқайда жақсы.

Индексте алдыңғы бестіккке Жаңа Зеландия, Дания, Финляндия, Норвегия және Швейцария енген. Ең төменгі орындарда Сомали, Оңтүстік Судан, Сирия, Ауғанстан және Йемен тұр.

https://kaz.365info.kz/stal-an-direktor-al-an-parasyn-unitaz-a-a-yzyp-zhiberdi-225892

Зерттеу бойынша, орташа есеппен 66 балл жинаған Батыс Еуропа аймақтар бойынша алға шыққан. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның орташа балы 34-ті құрайды.

«Нәтижеге жасалған сараптама үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-ты басып-жаныштау жемқорлық деңгейінің жоғары болуымен байланысты екенін көрсетіп отыр. Бүкіл әлемде жемқорлықпен күреспекке талпыныс бар болғанымен, көп елде бұл проблеманы шешуде алға ілгерілеу өте баяу жүріп жатыр», – делінген Transparency International есебінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз