Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстандағы үштілділік: билингвизм адамды «ақылды» етеді екен

354

«Монреаль (Канада) университетінің профессоры Ана Инес Ансальдоның тобының зерттеулеріне сәйкес, екі тілді игеру миға жағымды әсер етіп, зейінді арттырады: нәтижесінде адам миын қажетті іске аударып, қалған ақпаратқа көңіл бөлмеу қабілетіне ие болады. Екі тілде сөйлеу – мидың «бұлшық еттерін қатайтып», оны күштірек етпейді, керісінше, билингвизм миға энергетикалық ресурстарды тұтыну кезінде ашқарақ болмай, неғұрлым тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді», — делінген мақалада.

Билингвизм миды тиімді етеді

«Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін Ансальдо және оның әріптестері біртілді және екітілді егде адамдардың миының қызметтік қосындысын салыстырған. Сынаққа түскен адамдарға басты назарды көрімделген ақпаратқа (заттың түрі) аударып, онымен қатар берілген кеңірек ақпаратқа (сол зат кезедестін жерлер туралы) көңіл бөлмеу туралы өтініш жасалған. Нәтижесінде, біртілді адамдардың миы көптеген нейрон жүйелерін іске қосса,

екітілді адамдардың миы шектеулі ғана нейрон жүйесін пайдаланып, есесіне мақсатты ақпаратқа жақсырақ икемделген,

— деп хабарлайды портал.

Зерттеушінің пікірі бойынша, «ұзақ жылдар бойы екі тілді игерудің күнделікті тәжірибесі мен бір тілдің үстіне екінші тілді салудың арқасында,

екітілділер маңызды ақпаратты іріктеуде және керексіз ақпаратты қабылдамауға әбден машықтанады.

Бұл нені меңзейді? «Екі тілді адамның миы пайдалырақ, әрі үнемді әрекет етеді, өйткені ол мидың тек сараптама жасайтын учаскелерін іске қосады».

«Түптің түбінде мұндай тиімді қызмет өзін-өзі ақтайды. Екі тілділер қажет нәтижеге мидың кәрілікке сезімтал учаскелерін іске қоспай-ақ қол жеткізеді. Адам ағзасы қорларының мұндай үнемділігі —

қос тілділер мидың физиологиялық қартаю белгілерінен жақсырақ қорғалған,

дегенді білдіреді. Екі тілді білетін адамдардың қартайғанда алжуы сирек болады», — дейді Састр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз