Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстандағы ұлтшылдықтың себептері әлеуметтанушының көзімен

652

Қазақстанда “тілдік патрульдерді” ұйымдастырған даулы блогер Қуат Ахметовтың ісі жалғасуда. Көкшетаудан жаңа блогер — Әділжан Әбдіғали деген пайда болды. Ол да, осыған ұқсас бейнероликтер түсіруге және мемлекеттік тілде қызмет көрсете алмайтын дүкендерге бойкот жариялауға шақыруда.

Айта кетейік, Ахметовке ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Осыдан кейін ол Қазақстаннан кетіп қалған.

Өз кезегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мұндай арандатушылармен аяусыз күресетінін мәлімдеді. Сондықтан, Президенттің айтуынша, теріс үрдісті тоқтату үшін жүйелі шаралар әзірлеу қажет. Мұны өңірлерді дамыту аясында жасау керек.

Мәселе тереңде

Бірақ әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың пікірінше, елдегі этносаралық шиеленістің негізгі себептерінің бірі ретінде қандай да бір анклавты бөліп көрсеткенде, біз мәселені айтарлықтай жеңілдетеміз. Басқа елдердегі және Қазақстандағы зерттеулер көрсеткендей, бұл бірінші себеп емес. Ең алдымен, әлеуметтік-саяси контекстті қарастыру қажет.

– Елдегі ұлтшылдықтың пайда болуына ықпал ететін тереңде жатқан қандай проблемалар бар?

— Бәрінен бұрын, менің ойымша, белгілі бір топтарда қалыптасқан этникалық ұлтшылдық идеологиясы әсер етеді. Ол теңсіздік мәселесіне байланысты. Екінші маңызды нәрсе – мемлекеттік басқарудың сапасы. Туындаған жанжалдар жергілікті полицияның, жергілікті әкімдердің тиімсіздігінен, олардың сыбайластығы көрінісімен қатар жүреді.

Әлеуметтік желілердегі пікірталасты бақылауға болады, және онда көбінесе адамдар басқа бір этникалық топтарды айыптаған кезде, жергілікті билік органдарының жемқорлығын да атап өтеді

Ол басқа да этникалық топтың өкілі екенін пайдаланады дейді. Олай болмауы да мүмкін, бірақ пікір қалдырған адамдар дәл солай ойлайды. Яғни, билікке қатысты агрессия этникалық азшылықтарға қарсы агрессияға ұласуда. Әкімге ықпал ету мүмкіндігі болмаа да, этникалық азшылықтардың атынан бөгде адамдардың сипаты көрінеді.

Барлығы біркелкі емес

– Мен бірнеше жыл бұрын Түркістан облысында зерттеу жүргіздім. Сол кезде қазақтар мен басқа да шағын этникалық топтардың өкілдері арасында қақтығыстар болды. Біз билікке деген наразылық сол жағдайдың туындауының негізгі факторларының бірі екенін анықтадық. Сондықтан біз анклавтар мен оқшаулану туралы айтқан кезде, менің ойымша, біз мәселені мүлде басқа жаққа бұрып жіберетін сияқтымыз.

Сонымен қатар, бұл виктимблеймингтің көрінісі болып табылады. Яғни, жәбірленуші тап болған оқиғаға оның өзін кінәлау

2020 жылғы Қордай оқиғасы кезінде адамдардың қаза болғанын, үйлер мен көліктер өртенгенін білеміз. Осы трагедияны қарастыратын болсақ, оқшауланудың әсерінің жергілікті жерлерде қабылдануы туралы әңгімелер айтылды, яғни дунгандардың өздерінің бір жерге шоғырланып өмір сүргеніне өздері кінәлі деп санайды.

Мен бұған келіспеймін. Бұл көзқарасты растайтын зерттеулер жоқ. Бұл мәлімдеменің өзі болашақта жаңа қақтығыстарды тудыруы мүмкін, оған жол беруге болмайды. Бірақ мұндай риторика қақтығыстың алғашқы күндерінен бастап пайда болды, ал қазір президент мұны биік мінбелерден айтып жүр, дегенмен мен бұған дау айтар едім.

Тоғышарлық деңгейде

– Сіз теңсіздік мәселесі туралы айттыңыз. Ол этносаралық шиеленісті қалай күшейтеді?

– Біз теңсіздік туралы айтқанда, ең алдымен жер мен судың тапшылығына байланысты оңтүстік өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті есепке аламыз. Жалпы, еңбек нарығындағы қолайсыз жағдайға байланысты шиеленіс өте жоғары.

Бұл шиеленіс ұлтаралық шиеленіске тірелуге бейім, өйткені жоғарыда айтқанымдай, осындай жолмен адамдарға кінәлілерді табу оңайырақ. Мынадай мәселе бар: кейбір этникалық қауымдастықтар белгілі бір қызмет түрлеріне мамандануға бейім. Мысалы, дүнгендер Жамбыл облысында ауыл шаруашылығымен айналысады. Бұл бұрыннан келе жатқан жағдай, және бұл біреулердің еңбекқор екенін білдірмейді.

Серік Бейсембаев. Фото: zakon.kz

Бірақ тоғышарлық деңгейде мұны дунгандар ең жақсы жерлерді иемденіп, ауылшаруашылығын жүргізуде басымдылықтарға ие деген мағынада қабылдауға болады. Бұл мүлдем олай емес.

Бұған жол бермеу үшін мемлекет ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, әсіресе діни аймақтарда — Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында шешуі керек.

Бұл жағдайды артық құқық пен мәртебеге ие титулдық ұлт бар деген жаппай сенім толықтырады. Ал басқа этникалық топтар қандай да бір себептермен бір сатыға төмен тұруы керек.

Бұл риторика да өте танымал және әлеуметтік желілерде жиі айтылады. Тек тұрғындар деңгейінде ғана емес, сонымен қатар кейбір мәжілісмендер деңгейінде де. Өкінішке орай, мұндай әңгімелер жергілікті құқықтардың бұзылуына негіз болады. Адамдарда солай  болуы керек деген ойды қалыптастырады. Бұл жағдайлар да қақтығыстардың туындау себебі болып табылады.

Жаңа идеология қажет

— “Тілдік патрульдер” осының жарқын мысалы ма?

— Солай десе де болады. Тілдік мәселе этникалық белгілері бойынша өзіміз бен өзгелерге бөлінуді күшейтетін фактор болып табылады. Блогер Ахметовтың ізбасарларына келетін болсаұ,

қазір тіпті ең орынсыз деген идеялардың өзі әлеуметтік желілерде қолдау табуда

Ал этникалық ұлтшылдық тақырыбы, жоғарыда айтқанымдай, танымал және оның Қазақстанда да, кез келген басқа елдегідей өз жақтастары бар.

Бұл жерде мемлекеттік органдардың онымен қалай жұмыс істеп жатқаны маңызды. Мұндай шабуылдарға қалай жауап беру керек. Мемлекеттік органдардың өкілдері мен үлкен аудиториясы бар адамдар балама риторика айтуы керек

Бірақ бұл биліктің қолынан келмеді. Себебі мемлекет құрушы этнос ұғымының болуына байланысты “кедергі” бар. Осы идеология айтылғаннан кейін, одан бас тарту қиынға соқты. Ол этникалық белгілері бойынша өзіміз және бөтен болып бөлінуге негіз бола алады.

Біз барлық азаматтар заң алдында тең және этностық тегіне қарамастан бір-бірін түсінуі тиіс деген идеологиясы бар инклюзивті қоғам қалыптастыруымыз керек. Бұл мәдени және тілдік кедергілерді жеңуге көмектеседі және белгілі бір этникалық топты орынсыз мінез-құлық көрсеткені немесе іс-әрекеті үшін айыптауға болатын негізді жояды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз