Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстандағы Ресей мүлкіне тыйым салынуы мүмкін

Дефолт ерекшеліктері

Талдаушы Андрей Чеботаревтің айтуынша, болжам жасамас бұрын, дефолттың техникалық және нақты деген түрлері болатынын ескеру керек.

– Егер қарапайым тілмен айтсақ, техникалық дефолт кезінде мемлекеттің ақшасы бола тұра, қарызын төлеуден бас тартады, ал нақты дефолт кезінде төлеуге қаражаты жоқ. Түсінікті болу үшін мен өмірден ұқсас мысал келтірейін: сіз картаға ақша аударып үлгермегендіктен бөліп төлеу немесе несие бойынша төлемді бір күнге кешіктірсеңіз, бұл техникалық дефолт. Яғни, сізде ақша бар, бірақ сіз төлем жасау үшін қажетті әрекеттерді жасаған жоқсыз. Ал несиеңізді төлеуге ақшаңыз болмаса, демек сізде нақты дефолт.

Ресейдегі жағдайға оралсақ,

қазір техникалық дефолт болғанын көріп отырмыз. S&P агенттігі оны жариялады, Moody’s жақын арада жариялайды. Неліктен техникалық? Себебі Ресейде еурооблигациялар немесе еуробондтар бар

Қазақстанда да олар бар. Басқа мемлекеттерден валютамен қарыз алу қалыпты тәжірибе. Осы еуробондтар бойынша сыйақы купондарын, яғни пайыздарды валютамен төлеу қажет.

Бірақ

Ресей үкіметі Ресей Федерациясының Орталық Банкінің валюталық шоттарын бұғаттағаны үшін несие берушілерді жазалауды шешті. Және олар осы еуробондатр бойынша төлемдерді рубльмен төлей бастады

Еурооблигация шартының талаптары бойынша, егер сіз төлем шарттарын жеке-дара өзгертсеңіз, бұл іс жүзінде техникалық дефолт болып табылады. Егер сіз валютамен қарыз алсаңыз, онда оны валютамен қайтаруыңыз керек. Ресей қазір өз қарыздарын қайтара алады, валюта да жеткілікті. Сонымен қатар, ол өте қымбат энергия ресурстарын сату арқылы көп валюта алады, бірақ ол саяси себептермен төлеуден бас тартып отыр”, — дейді Чеботарев.

Ақша бар

Оның пікірінше, Қазақстанға Ресейдегі техникалық дефолт қарызды басқа тәсілдермен өтеудің заңды рәсімдерін іске қосумен ғана қауіп төндіреді. Мысалы, мүлікті және басқа активтерді тәркілеу. Яғни, Қазақстанның батыс серіктестері енді Қазақстан аумағында орналасқан Ресей Федерациясының активтеріне қызығушылық таныта алады.

— Демек,

енді біздегі ресейлік банктер мен кәсіпорындарға тыйым салынуы мүмкін

Оларды кейін сатып, еуробондтар бойынша қарыздарды жабу үшін. Бірақ, менің ойымша, бұл екіталай.

Ресейдегі нақты дефолтқа келетін болсақ, айтқанымдай, мемлекеттің ақшасы бар. Әсіресе, қазір мұнай мен газ бағасы рекордтық деңгейде. Ең қарапайым есептеулер бойынша Ресей олардан 200-300 миллиард доллардан астам қаржы алады. Бұл көп. Бұл оған биыл да, келесі жылы да, тіпті толық оқшауланған жағдайда да дефолттан аулақ болуға мүмкіндік береді,

Батыс елдерінің бір бөлігі Ресей мұнайы мен газын сатып алуға толық эмбарго енгізген жағдайда да. Жалпы, Ресей дефолты жақын арада бола қоймайды. Бірақ егер 1998 жылы Ресейде болғандай, нақты дефолт орын алса, “цунами толқыны” бізді де басып алады. Дефолтқа байланысты құнсызданған рубль теңгені де тартып әкетуі мүмкін, — деп есептейді ол.

Теңгеге қысым

Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың айтуынша, бірқатар сарапшылар Ресей 16 наурызда қарызын өтемесе, 15 сәуірде дефолтқа ұшырайтынын болжағанын айтады. Бірақ Ресейге тоқтау салынған қаражаттан кейбір қарыздарын төлеуге рұқсат етілді, бұл оған көмектесті.

— Енді бұлай жасауға рұқсат бере ме, көру керек. Менің ойымша, рұқсат беретін сияқты, ықтималдық үлесі жоғары. Егер рұқсат бермесе, дефолт болады.

Бұл олардың кедей екенін білдірмейді, жай ғана олардың төлеуге мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда рубль аздап “түседі”

Бұл жағдайдың Қазақстанға әсері үкімет пен Ұлттық банкке байланысты болады: олар теңгені төмендеп жатқан рубльден ажыратып үлгере ме? Сонымен қатар, бүгінгі күні рубльдің нақты құнын ешкім білмейді, оның бағамы саяси мәселе.

Егер рубль қазір әлсіресе, теңге сол жаққа қарай жылжиды, бірақ амплитудасы аз болады. Барлығы Қазақстанның Ресеймен сыртқы саудасына байланысты болады, – деп атап өтті Рысмамбетов.

Оның болжауынша, жақын арада доллар “жұмсақ” валюталарға — теңгеге, рубльге, қырғыз сомына, түрік лирасына және басқаларға нығая түседі.

– Доллар елдер арасында есеп айырысу құралы ретінде пайдаланылатындықтан, теңгенің әлсіреуін болдырмауға болмайды. ФРЖ осы жылы ставканы қанша рет көтеретініне әсер етуі мүмкін

Негізінен рубльмен қатар теңге бағамына қазір қымбат мұнай факторлары, сауда теңгерімі, оның ішінде Ресеймен де, әрине, үкіметтің қаражатты жұмсау қабілеті де әсер етеді, — деп түйіндеді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз