Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандағы лас ауа: әлемдік рейтинг қай жерден қателесті

1014
Фото: Ольга Воронько

Швейцариялық AirVisual ауасы ең лас елдердің рейтингін құру кезінде ауа сапасын бақылаудың мемлекеттік ашық дереккөздерді, сондай-ақ AirVisual ауа жағдайын бақылайтын жеке станцияларының көмегіне жүгінген. Барлығы 73 елдің 3 мыңнан астам қаласы зерттелген.

Компанияның 2018 жылғы есебіне сәйкес, әлемдегі халықтың басым көпшілігі денсаулыққа зияндылық деңгейі әртүрлі қауіпті заттектері бар ауамен дем алады. Рейтингке түскен елдердің 86%-ы ауаның ластану деңгейі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының лимиттерінен асып түседі. Олардың жартысында екі есеге артық.

Косово мен Перу арасында

Рейтингте Қазақстан алғаш рет ұсынылған. Және дебют нашар басталды: еліміз ауа сапасы бойынша әлемде 20-орында. AirVisual мәліметтері бойынша, республикадағы ауаның бір текше метріне денсаулыққа қауіпті 29,8 мкг қатты бөлшектер келеді.

Посткеңестік елдердің ішінде ең көбі Өзбекстанда ғана – 34,3 мкг (әлемде 16-орын). Жалпы бұл “орташа” санатына сәйкес келеді, бұл “сезімтал адамдар белсенді демалудан аулақ болу керек, себебі респираторлық симптомдар болуы мүмкін” дегенді білдіреді.

Ауаның ластану деңгейі Украинада 14 мкг құрады (49-орын), Ресейде – 11,4 мкг (58-орын). Ауа текше метріне орташа 97,1 мкг қатты бөлшектер келетін ел — Бангладеш. Екінші орында – Пәкістан (74,3 мкг), үшінші орында – Үндістан (72,5 мкг).

Ең таза елдер Австралия (6,8 мкг), Финляндия (6,6 мкг) және Исландия (5 мкг)

Қыста залал 4 есеге артады

Есепте келтірілген деректер дәл деп айту қиын. Қазақстан бойынша олар бір ғана Астана қаласының көрсеткіштері негізінде жасалған. Бұл ретте бірінші көрсеткіш мамыр айымен белгіленген, яғни жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін алынған.

Ал бұл үлкен фактор: егер жазғы айларда ауаның орташа ластануы текше метрге 21 мкг деңгейінде болса, желтоқсанда — 82,6 мкг-ға жетеді. Яғни, маусымға байланысты Қазақстан астанасындағы ауаның ластану деңгейі AirVisual мәліметтері бойынша 4 еседен артық өзгеруі мүмкін.

Тұтастай алғанда, ауаның ластану деңгейі бойынша Астана зерттелген қалалардың арасында 386-орында. Әлем елдерінің астаналары арасында Қазақстанның жалғыз өкілі 19-орында, Приштина (Косово) мен Сантьягоның (Чили) ортасына жайғасқан.

Әлемнің ең лас астанасы — үндістандық Дели (113,5 мкг),

екінші орында – Дакка (Бангладеш, 97,1). Жалпы әлемнің 20 ең лас қаласының 18-і Үндістанда, Пәкістанда және Бангладеште орналасқан.

Астана — көрсеткіш емес

Жалпы, Қазақстанның азғантай аумағы ғана қамтылғандықтан, экологиясының бағалануын объективті деп айту қиын. Астана — көрсеткіш емес, себебі зиянды заттектердің шығарылуының қайнаркөзі де емес, Қазақстанның ең көп қоныстанған, ең ірі қаласы да емес.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылы тек кәсіпорындар мен ЖК-лер Қазақстан бойынша атмосфераға 2 млн 357,8 мың тонна ластаушы заттектер шығарған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға (86,2 мың тонна) артық. Астананың үлесі — 59,2 мың тонна (шамамен 2,5%).

2017 жылы Павлодар облысы атмосфераның ластануы бойынша көшбасшы болды –

жылына зиянды қалдықтардың шығарылу көлемі 12,4%-ға өсіп, 609,8 мың тоннаға жетті. Өңір 2016 жылғы көшбасшы Қарағанды облысын басып озды, онда атмосфераға шығарылулар көлемі 598,7 мың тоннаны (+1%) құрады. Бұл өнеркәсіптік аймақтардың үлесіне стационарлық көздерден барлық зиянды қалдықтардың шығарулардың жартысынан астамы келеді. Үшінші орында Атырау облысы — 177 мың тоннаға жуық зиянды қалдықтармен артта қалды.

Көп жағдайда ластану қатты заттектерден болады – 2017 жылы барлық шығарулардың 89,6%-ы (25,9 млн тоннадан астам). Қалғандарының басым бөлігі күкіртті ангидридке (+69,5 мың тонна) және көміртек тотығына (-37,2 мың тонна) келеді. Көмірсутегі шығарулардың көлемі — 46,9 мың тоннаға дейін екі есе өсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз