Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандағы коронавирустың ең үлкен ошағы — Теңіз: 1000 адам вирус жұқтырды

177

Штаб хабарлағандай, Теңіз кен орнында «ПТШО» вахталық кентінің аумағында Атырау қаласындағы екінші облыстық аурухананың филиалы — 230 орындық жұқпалы аурулар стационары жабдықталды. Қала ішінде инфекцияның таралуын болдырмау үшін кен орнының аумағында салынды.

«Инфекциялық стационарда жұмыс істеу үшін екінші облыстық аурухананың 25 қызметкері — 3 дәрігер, 16 адам орта және 6 кіші медициналық қызметкер тартылды. Қосымша 1 терапевт, 1 инфекционист және 8 кіші медициналық қызметкер керек, — деп хабарлады жедел штабта. — Сонымен қатар, мұнда ТШО клиникасының қызметкерлері жұмыс істейді — бұл 32 дәрігер мен 30 орта медициналық қызметкер», — делінген жедел штаб хабарламасында.

Деректер материалдың шығу сәтінде ескіруі мүмкін. Жедел штабтың соңғы хабарламалары бойынша, бүгінгі күні инфекциялық стационарда 211 науқас емделуде, оның ішінде:

  • аурудың жеңіл түрімен — 55 адам,
  • симптомсыз пациенттер — 156.

Байланыста болған 2 мыңнан астам адам карантинге жабылды.

Талдауларды өңдеумен төрт зертхана айналысады:

  • Ұлттық сараптама орталығының Атыраудағы филиалы,
  •  «Олимп»  зертханасы,
  • Атырау обаға қарсы станциясының мобильді зертханасы,
  • Республикалық Ұлттық сараптама орталығының зертханасы.

Сондай-ақ,

ТШО-да  80 орынға арналған уақытша стационар және 610 орынға арналған карантиндік стационар жұмыс істеп тұр

«БКБКТУ және ТШО аудандық филиалының санэпидемиологтары науқастарды оқшаулауда. Карантиндік шараларды дер кезінде енгізбесе, сондай-ақ кен орнының периметрі бойынша блокпосталар орнатылмаса эпидемиологиялық жағдай бақылаудан шығып, инфекция қалаға енер еді», — деген жедел штаб өкілінің сөзін  Reuters хабарлайды.

Мұнайлы орында вирус жұқтырғандардың артуына жабық ғимараттар себеп болған

Шымкентте де «Петро Қазақстан Ойл Продакшн» ЖШС қызметкерлері арасында топтық ауру тіркелген:

  • қызметкерлер арасында-101 адам,
  • мердігерлік ұйымдар-23 жағдай,
  • байланысшылардың арасында үй ошақтарында 69 оқиға тіркелген.

Қарағанды облысында «Қазақмыс» корпорациясының кеніштерінің бірінде 34 жағдай тіркелді.

Теңіздегі вирус жұқтыру көрсеткішінің өсуін ескере отырып, Атырау облысында үкіметтік комиссия құрылды. Ол теңіздегі індеттің таралуын төмендетуге  бағытталған арнайы жұмыс кестесін қабылдады.

Комиссия осы кестенің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету қажет дейді . Әйтпесе,  науқастар санының артуы мүмкін. Бұл кәсіпорынның табиғи немесе мәжбүрлі жабылуына әкеп соғады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз