Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Қазақстандағы құс тұмауы: ауру туралы нені білуіміз керек?

410
Сурет: МСХ РК

Бүгінгі таңда мәселенің басталуының нақты себебін анықтау мүмкін емес. Алайда, ресми мәліметтерге сәйкес, аурудың көзі — қоныс аударатын жабайы құстар.

Жұмыртқа бағытындағы құс өсіру кәсіпорындары ауруының таралуына жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауда. Құс фабрикаларында қосымша дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, құстарға жоспардан тыс вакцина салынуа (бұл вакцинация міндетті тізімге кірмейді).

— Біз құс тұмауы бақылауға алынады деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта жеке аулаларда құс тұмауына қарсы вакцинациялау жүргізу қажет. Сондай-ақ, бұрын тұмауға қарсы вакцинация жүргізбеген құс фабрикаларына да  вакцина бөлу керек, өйткені бұл аурудың соңғы өршуі Қазақстанда 2005 жылы тіркелген. Сондай-ақ, құс фабрикаларының банкроттығына және жеке қосалқы шаруашылықтардың шығындарына жол бермеу үшін  құс ұстайтын кәсіпорындар мен адамдардың шығынын өтеу мәселелерін қарастыру қажет деп санаймыз, — деп атап өтті Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы Максим Божко.

Қауымдастық сонымен қатар аурудың тек мекиен тауықтарды арасында таралатынын, ал бройлер құсының зақымдану жағдайлары тіркелмегенін айтады. Тиісінше, өнеркәсіптік өндірістің құс етін, сондай-ақ одан жасалған өнімдерді пайдалану халыққа қауіп төндірмейді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні дүкен сөрелерінде ұсынылған құс фабрикаларының өнімдері ветеринариялық тексеруден өтеді және тиісті сертификат болған жағдайда тамаққа тұтыну қауіпсіз.

Ауру жұмыртқа бағытындағы екі құс фабрикасында тіркелді. Қазіргі уақытта осы кәсіпорындар өнімін жөнелту процесі тоқтатылды. Жалпы, елімізде осындай 35 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың өнімінің қауіпсіздігі мен сапасы толық тексеруден өтеді.

ДДСҰ пікірі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, құс тұмауы — бұл А типті тұмау вирусының штамдарынан туындаған құстардың жұқпалы ауруы. Инфекция жұқтырған  құстарда көптеген белгі пайда болады. Ол  жеңіл немесе аз уақыттың ішінде құстың өліміне себеп болатын ауыр эпидемия тұрінде болуы мүмкін.

Әдетте құс тұмауының вирустары ауру құстан адамға берілмейді

Дегенмен кейбір жоғары патогенді штамдар адамдарда ауыр тыныс алу ауруын тудыруы мүмкін. Инфекция жұқтырған құстармен немесе құстың  саңғырығымен ластанған заттармен тығыз байланыс кезінде жұғуы мүмкін.

Бұл ретте құс етін және одан жасалған өнімдерді тамаққа пайдалану тиісті гигиена және тамақ дайындау ережелерін сақтаған кезде қауіпсіз болады. ДДҰ-ның пікірінше, тіпті ауру өршіген аудандарда дұрыс пісіріліп,  дайындалған және өңделген құс еті мен тағамдарын қорықпай қолдануға болады.

Сонымен қатар, тамақ дайындау кезінде шикі құс еті мен шикі тағамнан жасалған сұйықтықтар ешқашан шикі түрде тұтынылатын тағамға түспеуін және олармен араласпауын қамтамасыз ету қажет. Шикі құс етін немесе одан алынған шикі өнімдерді өңдегеннен кейін қолыңызды мұқият жуып, олармен байланыста болатын жұмыс беттерін жуып, зарарсыздандыру керек.

ДДҰ сарапшылары бұл жоғары патогенді штамдардың ыстыққа сезімтал екендігіне назар аударады. Әдетте тамақ вирус өлетін температурада (тағамның барлық бөліктерінде 70°C) дайындалады. Осылайша,

жақсы қайнатылған немесе қуырылған құс өнімі ешқандай қауіп төндірмейді

Сондай-ақ, «шала қайнатылған» жұмыртқаны жеуге кеңес берілмейді.

Сондай-ақ, құс тұмауы пісірілген тағам арқылы берілмейді. Бүгінгі күні тіпті  вирус жұқтырған құстың  етін немесе одан жасалған өнімдерді жеген адамдардың вирус жұқтырғаны туралы деректер жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз