Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстандағы эмиграцияны қалай қысқартуға болады — сарапшы пікірі

355

Ranking порталы хабарлағандай,

2019 жылдың үш тоқсанында 34,2 мың азамат елден кетіп, тек 8 мың адам келген

Сальдо жиыны минус 26,2 мың адамды құрады. 2018 жылғы дәл осы кезеңде — 22,2 мың адам болған.

Көшіп кеткендердің көбі еңбекке қабілетті жастағы (16 жастан зейнетке дейін) адамдар: келгендер арасында 6,2 мың адам, кеткендер арасында — 23,6 мың адам. 11,1 мың келгендер арасында және 9,1 мың кеткендер арасында — 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер; 0,7 мың келгендер және 1,5 мың кеткендер арасында — зейнеткерлер.

Бір жыл ішіндегі бұл көрсеткіш аса көп болмаса да, елден кетудің тұрақты өсу үрдісі көп жылдан бері сақталып келеді, тіпті өсіп жатыр — ал бұл ойландыратын жағдай. Егер бұлай жалғаса беретін болса, он жыл ішінде 300 мыңға жуық адам елден кетуі мүмкін.

Табиғи туу бұл азаюдың орнын толтырады

— бірақ әрдайым солай бола ма, бұл белгісіз.

Саясаттанушы Болат Сұлтанов эмиграцияның бірнеше себебін атады. Олардың ішінде — әлеуметтік-экономикалық жағдай.

30 мың эмигрант — бұл өте көп

Халықтың көп бөлігінің табысы қысқарып жатыр, бұл адамдарға тұрғылықты жерді ауыстыру туралы ойлануға мәжбүрлейді, деп атап өтті сарапшы. Қазір

ең төменгі күнкөріс деңгейі — 31 мың теңге, ал ең төменгі жалақы — 42 мың. Бұл ақша жеткілікті ме?

— Маған бүгін бір дәрігер 6 мың теңгеге көз тамшысын жазып берді, ал екіншісі 10 мың теңгеге дәрі-дәрмек жазып берді. Бұған тағы күнкөріс шығынын қосыңыз. Сондықтан адамдар кетіп жатыр, — дейді Сұлтанов.

Тұрғылықты жерді ауыстыру, әсіресе түбегейлі көшіп кету оңай шаруа емес.

Сондықтан аса маңызды себептер болмаса, елден кетуге тырысатын адамдар сирек. Кеткеннен кейін біраз уақыт өмірлері қиын болатынын олар түсінеді. Бірақ уақыт өте келе бәрі жақсы болатынына сенеді, ал бұрынғы жерінде еш нәрсеге үміт артпайды.

Саясаттанушы жылына 30 мың эмигрант Қазақстан үшін үлкен көрсеткіш деп есептейді. Сонымен қатар, бұл тек ресми статистика, ал нақты сандар одан да көп.

— Мысалы, қазір ресейлік жоғары оқу орындар мен олардың қазақстандық филиалдарында 70 мыңнан астам отандасымыз білім алуда. Біріншіден, арзан, екіншіден, сапалы жоғары білім алады. Ал үшіншіден, Ресейде жұмыс таба аласыз. Іс жүзінде олардың көпшілігі эмигранттар, — деді ол.

Дәрігерлер кетіп, аула сыпырушылар келіп жатыр

Сұлтановтың пікірінше, кетуге “итермелейтін” тағы бір фактор, бұл тұрмыстық ұлтшылдық. Өкінішке орай, біздің қоғамда мұндай жағдайлар жиі кездеседі және оны шешудің бір амалдарын қарастыру керек.

— Ал соңғы кездері латын әліпбиіне көшу эмигранттық көңіл-күйге қатты ықпал етіп жатыр. Біз

еліміздегі барлық ұлт мемлекеттік тілді меңгергенін қалаймыз — және бұл дұрыс та

Бірақ латын әліпбиі тіл меңгеруді қиындатады. Және оны қазір енгізудің қажеттілігі қанша — түсініксіз, — деді ол.

Кетушілер санының өсуімен қатар Қазақстанға қоныс аударғысы келетіндер саны да қысқаруда. Рекорд орнатқан жыл — 2005 жыл болатын, сол кезеңде елге 75 мыңнан астам адам келген. 2014 жылы — 14 мың, 2015 жылы — 13 мың, 2019 жылдың 3 тоқсанында — тек 8 мың.

Бұл ретте, көп жағдайда білікті мамандар кетіп жатқанын ескеру керек, ал оларды алмастыра алатындар аз. Себебі

олардың орнына біліктілігі төмен жұмыс күші келіп жатыр

Әрине, білікті мамандар да бар, бірақ аз мөлшерде.

— Қазір мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңі басталып жатыр. Экономикалық және әлеуметтік жағдайларды өзгерту керек. Президент Тоқаев та жағдайға жаңаша қарап, қажетті шараларды қабылдайды деп үміттенемін,

— деп түйіндеді Сұлтанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз