Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандағы ажырасу себептері: әйелі күйеуінен мықтырақ болып шығады

411

Кім кінәлі?

Отандық сарапшылар шетелдік әріптестердің қорытындыларына алаңдаулы. Олар “Қазақстандық отбасылар-2019” бірінші ұлттық баяндамасын дайындауды шешті. Сауалнама жүргізілді. Қазақстандық отбасылар типологиясының ерекшеліктерін ашу қажет болды. Олар маусымнан қарашаға дейін некеге тұру және оны бұзу себептері бойынша жүзден астам сұрақ қойды.

Әлеуметтану сауалнамасы

Сауалнамаға отбасылардың 17 түрі қатысты. Қоғамның көпбалалы және кеңейтілген ұяшықтары, моно ата-аналар және этносаралық отбасылар кірді. Мүгедек бала асыраушылар және қарттармен бірге тұратындар да. Әлеуметтанушылар некені тіркеуге және бірге тұруға не міндеттейді деген сұрақтарға жауап алғысы келді. Бірінші баланың дүниеге келуі үшін қандай жас оңтайлы, отбасын кім басқаруы керек және тағы басқа.

Нәтижесінде неке институтын жаңа бағытта дамытуға қажетті ұсыныстар жинағы жарық көрді.

Отбасы не үшін қажет?

Адам не үшін некеге отырады деген басты сұраққа жауап пайыздық қатынаста сәл таң қалдырды. Басым көпшілігі (70%) отбасын жай ғана құрғысы келетінін айтты. Отбасын махаббатпен құруға тілек білдіргендер аз болды (63,1%).

Сондай-ақ, қазақстандықтар бала әкелу үшін (37,1%), ал 7%-ы — жүктілікке байланысты некеге отырады. Айта кету керек,

баланы туу туралы шешімді кім қабылдайды деген сұраққа 34,4% Құдай деп жауап берді

Ата-аналардың да рөлі ерекше. Олардың батасын алуды 13%-ы қалайды, екінші жартысын олар мақұлдауы керек деп 6,6% есептейді.

АХАЖ: жақтаушылар және қарсылар

Қарым-қатынасты тіркеу қажет пе, әлде сезім болса болды ма?

Сұралғандардың 72,9% некені тіркеу міндетті деп мәлімдеген. 13,2% штамп маңызды емес деп санайды.

Сонымен қатар, 40,1% респонденттердің тіркелмеген некеге қатынасы негізінен бейтарап. 34,9% мұндай қарым-қатынасты жоққа шығарады. Отбасы одағының осындай түрін тек 15,2% мақұлдайды.

Оларда қалай?

Адамдар некені ресми тіркеуге тырысады. Он жылдан астам уақыт некеде болғандар арасында ажырасу саны қарқынды өсіп келеді.

Некеге отыруға асығу және ажырасуға асығу — біздің елде екі беталыс та тән

Татьяна Резвушкина, “Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты” ҚҚ сарапшысы, қазір әрбір үшінші жұп ажырасатынын хабарлады. Отбасы патриархалдық модельден эгалитарнаға өту кезеңінде тұр. Еркек пен әйелдің тең құқықтары мойындалып келеді.

— Мұндай қарым-қатынас үлгісі Скандинавия елдерінде кең таралған. Онда көпшілігі ресми азаматтық қатынастарды қалайды.

Некенің әдеттегі патриархалдық институты неге күйреп жатыр? Сарапшы бірнеше себептерді атады.

– Ең алдымен феминизация. Әйелдер тәуелсіз, өздеріне сенімді болуға ұмтылады. Тек материалдық ғана емес, моральдық тұрғыда да.

Егер әйел күйеуінен мықтырақ болса, көбіне ажырасады

Еркектер бұрынғысынша отбасының патриархалдық құрылымына ұмтылады.

Патриархалдықтан — эгалитарлыққа

Әлеуметтанушы атап өткендей, қазір Қазақстанда некені қайта құру бағытында үлкен жұмыстар жүргізілуде.

– Көптеген жұп некеге, некедегі қарым-қатынасқа көзқарастарын өзгертіп жатыр. Әйелдер үй қызметкерлерін жалдайды, басқа да қызметтерін пайдаланады. Бұл патриархалдық отбасынан заманауи, эгалитарлық түрге өтудің бір көрінісі. Бұл

неке институтының қайта құрылуы десек болады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз