Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Қазақстандағы 90-жылдардағы қылмыс әлемінің қасқырлары

1758

90-шы жылдары қылмыстық топтар үкіметке жақын адамдарға қажет болған. Нарық қалыптаса бастағанда “мафиозилер” тобы ақырындап заңды бизнеске кеткен, ал  қылмыстық әрекеттерін жалғастырған топтар тұтқынға алынып, абақтыға отырды.

Төменде 90-шы жылдардағы танымал, беделді топтармен таныстырамыз:

4 ағайынды


Немесе “Айшуақ-Жантүгел”. 1992 жылы 100-шақты адамнан құралды. Қылмыскерлер Ақтаудағы есірткі тасымалы мен жанар-жағар май орталықтарын бақылауға алған. Сондай-ақ қылмыскерлер бақылауында ойын-сауық орталықтары, сауда-саттық бизнестері, киім-кешек дүкендері, автотұрақтар, Қытайдан тасымалданатын контрабандалық ішімдіктер мен тауарлар, дәнді дақылдар, жұмыртқа сату, теміржол тасымалдары алынды.

Топтың ҰҚК және ІІМ-мен байланысы болған. Топ басшылары Серік Матышев (Серік Жантүгел) және Құрманғали Сатыбалдиев Түркменстан тумасы, сонымен қатар, топ басында мүгедек Еркін Ізбасар болды.

Топтың жартысы заңды бизнеске көшкен, ал Еркін Ізбасар жақында Ақтөбедегі мұнай ұрлауға қатысты күдікпен тұтқынға алынған. Қазір қамауда отыр.

https://kaz.365info.kz/baha-festival-kim-edi-239689

“Депутаттық корпус”

Бұл топты  Икан және Мурка деп аталатын достар басқарған. Олардың бақылауына шейпингке арналған спорттық секциялар мен ойын-сауық орталықтары кірді.

Мәліметтер бойынша, топ 90-шы жылдардан бастап жұмыс істеп, көптеген бизнесмендерді қорқытып ұстаған. Кей кәсіпкерлер “Икан мен Мурка достарымен бізді ұрып,қаруларымен қорқытып, үлкен ақша талап етті”, деп шағым білдірген.

Қылмыскерлерге осы күнге дейін кәсіпкерлер тарапынан көптеген шағымдар түскен. Бірақ жоғары жақтағы байланыстарының арқасында олар судан ақ болып шығып отырған.

Сары Алмаз


Сондай бір адам өмір сүрген. Оның аты – Нәсіпбай Насенов. Оның кәсіпкерлікпен айналысамын деп шешкені сол еді, рэкеттердің құрбанына айналды. Осы жағдайдан соң ол мынадай шешім қабылдады:

“қоғам қасқыр мен қойға бөлініп жатқанда, қасқыр болуға тырысу керек”.

Жігіт қарамағына бұрынғы әріптестері, спортшылар мен ауғандық жауынгерлерді шақырды. Тобы оған “Сары Алмаз” деп ат қойды.

Топтың саны 100-ге жуық адамға жетті. Бандиттер автосалондарды, “Арал” мен “Болашақ” киім-кешек орталықтарын, ірі жанар-жағармай компанияларын, Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымалары мен шоу бизнес және ойын-сауық орталықтарын бақылауға алды.

Сонымен қатар, олар Қазақстан мен ТМД елдеріне дәнді дақылдар сатумен айналысқан. Қазіргі көптеген табысты кәсіпкерлер кезінде Сары Алмаздың көмегіне жүгінген деседі.

Алмаздың ортасы көбіне спорттық киіммен жүрген, бірақ Алмастың өзі костюм кигенді ұнататын. Топ басшысы 1998 жылы өзінің Испаниядағы вилласында өлтірілді.

Оның серіктесі Алмастан бұрын қаза тапқан. 1993 жылы Қордай асуында көлік апатына ұшырады.

Сары Алмаздың өлімінен соң, қылмыстық топты Айка-Бегемот басқарды. (Қылмыстық топтарды әйелдің басқаруы сирек жағдай).

https://kaz.365info.kz/lakhap-aty-adil-khytaj-atakhty-sary-almastyn-seriktesi-ystaldy-foto-266073

Баха-фестиваль


Бұл адам басқа “мафиози” топтарынан оқшау тұрған деседі. Жұрттың айтуынша, ол ішімдікке тойып алып, көше кезіп жүре берген. Ондай жағдайда бір көлікке соқтығысса да, ештеңе болмағандай, оқиға орнынан тез кетіп қалатын.

Немесе, достарымен Нью-Йоркке барып, афроамерикандықтарға ұсталып, соңында олардың тапаншаларын тартып алғаны туралы әңгімелер жұрт аузында жүр.

Офицерлік қызмет атқарған Баха – Ауған соғысындағы ерлігі пен батылдығы үшін берілген көптеген ордендердін иесі. Жұрт оны “өжет жігіт” деп атап кеткен.

Баха көптеген қылмыстық қақтығыстардың ұйымдастырушысы ретінде танылған.

1998 жылы Баха-фестиваль және оның 4 серіктесін Малой ауданындағы бір үйде атып кеткен.

https://kaz.365info.kz/t-rt-a-ajyndy-ylmysty-top-a-tau-men-almatyny-stap-t-rypty-240657

“Атаба” қылмыстық тобы


Бұл 25-30 адамнан құрылған кішігірім топ. Банда сусын бизнесі, казино, “Құлагер” киім-кешек базары мен кеден бекеттерін бақылауға алған.

Топтың басшысы – қант диабетінен зардап шеккен Талғат Атабаев.

2005 жылдың 12 желтоқсанында ол ізіне түскен дұшпандарынан қашпақ болып, “Тойота Ланд Крузер” көлігінен түсіп, “Aztek” ойын клубына қарай жүгіре жөнелген. Полицейлердің айтуынша, оның халі нашарлап кеткендіктен, ұзаққа қаша алмаған.

Атаба жедел-жәрдем келем дегенше көз жұмған.

Сонымен қатар, Қазақстанда басқа да бірнеше қылмыстық топтар болған.

Олар: Америкалық Берік, Титаник (Семейлік Леха), “Адай”, “Абрам”, “махновцы”, бір көзді Исаның тобы, Садко мен Сейконың тобы, Серік-Бас, ағайынды Каримовтар, “Ягуарлықтар”,  “Өскемен-Семей”, “Сайғақтар”, “Қырықбаевтар”, “Зауыттықтар” және тағы да басқалар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз