Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығындағы дүмпу жалғасуда

135

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, сәуір айында Қазақстанда 59 689 пәтер мен жеке үй сатылған.

Бұл – жаңа рекорд.

Наурыз айымен салыстырғанда нарықтағы белсенділік 13,3%-ға өсіп – бір айда мәмілелер саны 7 016 бірлікке артты.

Қазіргі деректерді бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен мүлде салыстыруға келмейді. 2020 жылғы сәуірде енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты Қазақстанда жылжымайтын тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша небәрі 5 211 мәміле жасалған. Осылайша

бір жыл ішінде сату саны 11,5 есе өскен!

2021 жылдың 4 айында Қазақстанда 175 040 тұрғын үй сату (және сатып алу) жүзеге асырылды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 71,4 мың бірліктен шамалы ғана асқан. Осылайша, қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша тұрғын үйге сұраныстың 2,5 есе өскені байқалады.

Өңірлерде сұраныс рекорды жаңаруда

Сәуір айында республиканың көптеген аймақтарында тұрғын үйге сұраныс 2019 жылдың басынан бастап қарағанда ең жоғары деңгейде болды. Аздап өзгешеліктер бар:

  • Солтүстік Қазақстан облысында – 2020 жылдың маусымында 1003 мәміле болса, биылғы жылдың сәуірінде 940 мәміле
  • Нұр-Сұлтанда – ақпан айында 6579 және наурызда 6524 болса, сәуірде 5962 мәміле.
  • Шымкент – 2020 жылғы желтоқсанда 2608, ал 2021 жылғы сәуірде 1976  сатылым.
  • Маңғыстау облысы – бір ай бұрын 9852, сәуір айында 8761 мәміле жасалған.

Қалған 13 өңірде белсенділік қазір кем дегенде соңғы жылдарға қарағанда ең жоғары деңгейде .

Қарағанды облысында да тұрғын үйге сұраныстың өсуі назар аудартады. Сәуірде мұнда 7284 пәтер мен үй сатылған – бұл наурыздағы көрсеткіштен 19,5%-ға (немесе 1189 бірлік) артық.

Бүгінгі таңда тұрғын үй Қарағанды облысына қарағанда республиканың өзге екі өңірінде де жиі сатылуда. Дүмпу аздап азайғандай болған Маңғыстау облысында (8761), сондай-ақ сұраныс енді өсіп келе жатқан Алматыда (7952).

Алматы Нұр-сұлтаннан озды

Маңғыстау облысынан басқа Қазақстанның тек бір өңірінде ғана тұрғын үйге деген сұраныс сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда аз болды. Бұл өңір Нұр-сұлтан қаласы. Өткен айда мұнда 5982 тұрғын үй сатылған. Көктемнің алғашқы айында мәмілелер саны 6524 бірлікті құраса, ақпанда – 6 579 бірлік.

Яғни, әзірше бүкіл республика бойынша тұрғын үй сатылымы өсуде, ал елордада керісінше, екінші ай қатарынан құлдырауда.

Алайда бұл қала үшін жеткілікті жоғары деңгей.

Осылайша, Нұр-сұлтан тұрғын үй сатылымы жағынан танымалдылық бойынша Алматыдан (сонымен бірге Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан) артта қалды. Оңтүстік мегаполисте сәуір айында елордаға қарағанда 2 мыңға жуық тұрғын үй сатылған. Сонымен қатар, өткен 2 айда да Нұр-Сұлтан артта қалған болатын: ақпан айында сұраныс 1000 бірлікке, Наурызда – 43 бірлікке жоғары болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз