Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда жетім балалар саны азайды

124

Атап айтсақ, халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қабылдаушы және қонақ отбасы түсініктері енгізілді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық банк деректері, түсініктері және жұмыс істеу ұстанымдары заңнамалық актілерге енгізіліп, бүгінгі күні жүзеге асырылуда», – деді Нұрлан Ойшыбеков ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халықпен есептік кездесуі барысында.

Оның атап өтуінше, отбасылық құрылымның мұндай барлық формасына мемлекет тарапынан материалдық кепілдік беріледі. Соның нәтижесінде соңғы жылдары балалар үйінде тәрбиеленушілердің, балалар үйлерінің қатары азайып келеді.

«Соңғы 5 жылда жетім балаларға арналған ұйымдардағы балалардың саны 40 пайызға, 10 мыңнан 6 мыңға дейін қысқарды. Бұған қоса, 4,5 мың бала туған отбасына оралды. Осының арқасында елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерге арналған 50 мекеме таратылып, жабылды», – деді Нұрбек Ойшыбеков.

Комитет басшысының дерегінше,

елімізде 5 млн 600 мыңнан астам бала бар. Оның 3 миллоннан астам мектеп жасында, болса, 2 миллионнан астамы мектепке дейінгі жастағы сәбилер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз