Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанда жастарды жұмыспен қамитын жол картасы әзірленді

254

Жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында Дархан Кәлетаев жастардың стартап жобаларын бизнес-жоспарды ұсынған кезде мемлекеттік гранттық қаржыландыру мәселесін енгізуді ұсынды.

Жол картасы аясында баспана мәселесін шешу үшін министр Алматы қаласының тәжірибесін негізге ала отырып, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары арқылы жастардың тұрғын үй кооперативтерін құруды ұсынды.

Сонымен қатар, жастар ресурстық орталықтары қызметін және әдістемелер мен заңнамаларды жетілдіру жоспарланған.

Айтылған мәліметтерге сәйкес, халықаралық еңбек ұйымының 2017 жылғы баяндамасында 20 жылдың ішінде әлемдегі жастардың саны 139 млн. адамға өсті, ал жұмыспен қамтудың үлесі 35 млн. адамға кеміді деп көрсетілген. Жалпы жаһандық еңбек күшіндегі жастар үлесі 1997 жылы 21,7%-дан 2017 жылы 15,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар, NEET жастарының үлесін жаһандық бағалау 21,8%-ды құрайды, олардың ішіндегі төрттен үші (3/4) әйелдер.

Қазақстанда NEET жастарының жоғары көрсеткіштері оңтүстік өңірлерде, сондай-ақ Маңғыстау және Қарағанды облыстарында (10-нан 13%-ға дейін, 2017 жыл) тіркелген.

Елімізде әлеуметтендірудің ешбір әдістерімен қамтылмаған 14-тен 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 2001 жылғы 18,6%-дан биылғы жылы (2018 жылғы 2-тоқсан) 7,7%-ға дейін кеміді.

Фото: forbes.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз