Депутаттың айтуынша, елімізде отбасы, әйелдер мен жастар проблемаларын шешуге арналған бірде-бір орган жоқ. Осыған орай, Балиева премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан жаңа министрлік құруды сұрап отыр.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева бүгін Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысы барысында отбасы мәселелеріне қатысты жаңа министрлік құруды ұсынды.
Депутаттың айтуынша, елімізде отбасы, әйелдер мен жастар проблемаларын шешуге арналған бірде-бір орган жоқ. Осыған орай, Балиева премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан жаңа министрлік құруды сұрап отыр.
Ал, отбасы мәселелерімен айналысатын бірде-бір мемлекеттік орган жоқ. Менің бұл ұсынысым қараусыз қалмайды деп үміттенемін.
Ең болмағанда, осы мәселелердің бәрін бір министрліктің қарауына береді деп ойлаймын”,
– деді Зағипа Балиева.
Еске салайық, биыл ақпан айында Балиева министр Ерлан Сағадиевке оқушылар мен мұғалімдерді жақсы көріп үйренуге кеңес беріп, білім саласындағы қисынсыз реформаларды жүргізбеуге шақырған болатын.
Дереккөз: sn.kz