Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанда жаңа iPhone қашан келеді және бағасы қандай болмақ?

Ірі сауда орталықтарындағы бірнеше сатушы iPhone 8 смартфондарын 500-600 мың теңге сататындарын айтады. Ал iPhone 8 Plus-тың бағасы 100 мың теңгеге қымбат болады делінеді. Сонымен қатар, сатушылар ресми сауда орталықтарында сатылымға шығатын смартфондардың бағасы қымбатырақ болатынын айтып өтті.

“Жаңа iPhone 8 смартфондарын 23 қыркүйектен бастап менен сатып алуларыңызға болады. Бағасы – 1 100 доллар. Ал Iphone+ сатылымға кейінірек шығады. Оның бағасы шамамен 1 500 доллар болады”, – дейді сатушылардың бірі. Сондай-ақ, жаңа гаджеттерді АҚШ-тан сатып алмайтынын айтты.

“Бізде де өзіміздің жеткізушілеріміз бар”, – деп түсіндірді ол.

Дегенмен де телефон сатушылардың басым бөлігі Apple смартфондарының бағасы шамамен қанша болуы мүмкін екенін айта алмады. Айта кетейік, Apple корпорациясының ресми сайтындағы мәліметтерге қарағанда, Ресей бойынша Iphone X бағасы 79 990 pyбльден, Iphone 8 – 56 990 pyбльден бастап, ал Iphone 8 Plus 64 990 pyбльден бастап сатылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Apple корпорациясы iPhone 8, 8 Plus және X смартфондарын таныстырған болатын. Алғашқы екі құрылғының iPhone 7-ден айырмашылығы көп емес – жаңа “темір”, шыны корпус және сымсыз қуаттағышы бар. Жаңа iPhone-мен қатар, LTE-модулі бар Apple Watch жаңа сағаты, 4К және HDR фроматында видео көрсете алатын Apple TV таныстырылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз