Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда жаңа автокөліктің тұсауы кесілді

Заманауи SUV сипаттары көрініс тапқан стильді купе-кроссовері жарқын дизайнды тұтынушылық қасиеттерге айырбастамайды. QX55 сатып алушыларына олар қай жерде пайда болса да, ең жақсы қолөнер өндірісі стиліндегі лайықты сапалы сәнді интерьермен және 249 а.к. VС-Turbo революциялық 2 литрлік қозғалтқышымен қамтамасыз етілген керемет динамикамен толықтырылады.

Жаңа өнім құны 24 490 000 теңгеден басталатын LUXE, ESSENTIAL, ESSENTIAL PROASSIST және ESSENTIAL PROACTIVE сияқты төрт жиынтықта қолжетімді болады.

LUXE бастапқы нұсқасында да жаңа кросс-купе 20 дюймдік жеңіл балқитын дискілермен, жарықдиодты оптикамен, екі аймақты климат-бақылаумен, төбесі электр жетегі бар люкпен, жүксалғыштың электр жетегімен, Apple CarPlay және Android Auto қолдауымен Infiniti InTouch мультимедиялық жүйесімен, 6 динамигі бар Bose аудиожүйесімен, сондай-ақ белсенді және пассивті қауіпсіздік құралдарының кең жиынтығымен жабдықталады. Олардың ішінде 8 қауіпсіздік көпшіктері, соның ішінде жүргізуші мен алдыңғы жолаушының тізелерін қорғауға арналған эйр-бэгтар, динамикалық тұрақтандыру жүйесі бар.

Автомобиль ESSENTIAL орындауында қосымша орындықтардың табиғи былғарыдан қапталуы, жүргізушінің орындық қалпын баптау жадысы, рульдік колонка және артқы көрініс айнасы, үшаймақты климат-бақылау, айналаны көру камерасы, қашықтан іске қосу қозғалтқышы бар. PROASSIST пакеті бар ESSENTIAL автомобилі үшін Ice cube дизайны бар адаптивті матрицалық фаралар, алдыңғы әйнектегі проекциялық дисплей, «соқыр» аймақтарды бақылау жүйесі және алда келе жатқан автомобильге қауіпсіз қашықтықты сақтау, сондай-ақ рульде басқарылатын интеллектуалды круиздік бақылау бар.

ESSENTIAL PROACTIVE жоғары дәрежелі жиынтығы қосымша бейімделгіш рульді басқаруды және қозғалыс жолағынан шығудың алдын алу және «соқыр» аймақта соқтығысудың алдын алу жүйелерін ұсынады.

– Жаңа QX55 мүсіндік сызықтарды көркем нақышты иілістермен үйлестіре отырып, еліктіргіш дизайнымен ерекшеленеді. Модель жайлылықтың жоғары деңгейімен, сондай-ақ технологиялығымен және қауіпсіздіктің жетілген стандарттарымен ерекшеленеді. Біз бұл инновациялық кроссовер-купе Қазақстандағы тұтынушыларға қолжетімді болғанына қуаныштымыз. Қазірдің өзінде біздің дилерлік орталықта жаңа модельге алдын ала тапсырыс ашылған. Автокөліктердің алғашқы түсімі желтоқсан айының басына жоспарланған. Бізде INFINITI автомобильдеріне тапшылық жоқ екенін атап өту маңызды, және егер сіз қаласаңыз, жаңа өнімді күту парағынсыз сатып алуға болады, – деп айтып өтті INFINITI Nur-Sultan директоры Надежда Иванова.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, өткен жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда INFINITI маркалы 146 автомобиль сатылды, биыл осы кезеңде сату көлемі екі еседен астамға – 316 бірлікке дейін өсті. Сонымен қатар, премиум сегментіндегі INFINITI үлесі 2021 жылы 9,5%-ға дейін өсті (2020 жылы 6,5%-ға қарағанда). Бүгінгі таңда INFINITI қазақстандық автомобиль нарығындағы премиум-сегменттегі сату үлесі бойынша көшбасшылар үштігіне кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Orbis Auto автомобиль тобы осы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында INFINITI маркасының ресми дилері мәртебесін алған болатын. Компанияның жоспарында – 2021 жылдың соңына дейін 106 INFINITI автокөлігін сату, оның ішінде кемінде 15 бірлік QX55.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз