Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда теміржол билетін арзандату мәселесі қаралуда

Астанадағы Халықаралық жолаушылар форумында сөйлеген сөзінде Кучеренко атап өткендей, ТМД және Балтық елдерінің кейбір теміржолдарында халықаралық бағдарларда жолаушылар саны азаюда, халықаралық жолаушылар пойызының қозғалыс көлемі төмендеуде. Бұған себеп дағдарыс пен мемлекеттің әуе транспортына көп көңіл бөлуы болып отыр.

Кучеренко атап өткендей, теміржол шығындарының көбеюіне әсер ететін негізгі фаткорлардың бірі қосылған құн салығы болып табылады.

“Бұл көрсеткіш жүрілген жолдар бойынша жалпы шығынның 40 пайызын құрайды, бұл мәселе заң жүзінде шешілмесе, өзіндік құнда артады. Ал біздің бәсекелес авиаторларда салық заңнамасы бойынша басымдықтар қарастырылған: халықаралық бағдарлы тасымалдарда қосылған құн салығы 0 пайыз, тіпті жанармай үшін”, — деді Кучеренко форумда.

Сол себепті Теміржол транспорты бойынша кеңес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесін белгілеуді ұсынады. Бұл билет бағасын 40 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

Кучеренконың айтуынша, Қазақстанда жаңа Салық кодексі жасап шығарылуда, сол кезде Кеңестің де ұсыныстары ескерілетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз