Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 107,8% құрады. Өндіріс көлемінің артуы республиканың 14 өңірінде байқалды.
Бұл туралы Экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Министрліктен мәлім еткендей, 2017 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ, металл кендерінің және көмірдің өндірісі ұлғайды. Сондай-ақ азық-түлік, мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия және машина құрастыру салаларында өндіріс көлемі артты. Ал темекі өнімдерін шығару, керісінше – төмендеді.