Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда тағы 270 радиотелевизиялық станса салынады – министр

Министрдің дерегінше, ел бойынша радиотелевизиялық стансалардың жалпы саны 827-ні құрайды. Бүгінгі күні оның 356-сы дайын. Жыл соңына дейін тағы 200-ге жуығын аяқтау жоспарланып отыр. Қалған стансалардың құрылысы 2019-2020 жылдар ішінде толық аяқталады.

Биылғы жылдың соңына дейін цифрлық хабар таратуға көшуі жоспарланған аймақтар бойынша Маңғыстау, Жамбыл облыстарында және Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тиісті стансалар салынып, халықтың 99 пайызы толық қамтылды. Аталған аймақтарда халықты қажетті қабылдағышпен қамтамасыз ету және ақпараттық хабарландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Бұрын ешкім сенбеген цифрлық хабар таратуға қол жеткізу бойынша осындай ауқымды шаруалар қолға алынған. Осылайша, 2021 жылы осы жұмысты толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Яғни Шығыс Қазақстан облысындағы «Владимировкадан» Маңғыстаудағы «Қаражамбас» ауылына дейін, Солтүстіктегі «Сунное» селосынан, Түркістан облысындағы «Мырзакентке» дейін кең байтақ аумақ цифрлық хабар таратумен толық қамтамасыз етіледі», – деді Дәурен Абаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз