Бұдан былай елімізде сырттай оқу бөлімі «part-time» жүйесі арқылы жүгізіледі.
Бұл жайлы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Бұған дейін 2019 жылдан бастап сыттай оқу бөлімінің тоқтатылатыны хабарланған еді.
«Азаматтар арасындағы сұранысқа сай «part-time» институты құрмақпыз. Алайда оның еежесі өзгертіледі. Қазір қажетті нормативтік-құқықтық база әзірлену үстінде», – дейді Асхат Аймағамбетов.
Осылайшы сырттай білім алатындар күндізгі бөлімдегілер оқып жатқан көлемнің 65 пайызын игереді. Дипломның да күндізгі бөлімде оқушылардікінен айырмасы болмайды.
Сырттай оқуға екінші мәрте жоғары білім алушылар, ұлттық біліктілік шеңберінің үшінші деңгейіндегі колледж түлектері тапсыра алады. Бірақ медицина, ветеринария, құрылыс және т.б. үшін бұл жүйе қолжетімсіз.