Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
470
+2.45
EUR
542
+2.12
RUB
5.71
-0.02

Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалардың атынан жасалған дипфейктер таралуда

Мамандар мұндай материалдарды бағалау кезінде бейненің сыртқы нанымдылығына ғана назар аудармай, ақпараттың бастапқы дереккөзіне мән беруге шақырады. Себебі заманауи технологиялар адамның бейнесі мен дауысын жоғары дәлдікпен имитациялауға мүмкіндік береді.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа бейнеталдауында дипфейктерді анықтаудың негізгі белгілеріне тоқталып, әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексерудің маңызын түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект негізіндегі мұндай технологиялар ақпараттық манипуляция құралы ретінде жиі қолданылып келеді. Сондықтан әлеуметтік желі қолданушылары күмәнді бейнероликтерді бірден бөліспей, оның қайдан шыққанын және ақпаратты ресми дереккөздердің растаған-растамағанын тексергені жөн.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз