Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Қазақстанда сатылған әрбір екінші автокөлік елімізде құрастырылған

Олар автомобиль жасау секторының дамуына оң әсерін тигізді. Бұл ретте Қазақстанда сатылған әрбір екінші автокөлік Қазақстанда өндірілгендігін атап өткен жөн. Ал өткен жылы әрбір үшінші автокөлік отандық өндірістен болған еді», – деді Алмас Батанов.

Комитет басшысының дерегінше, электр-техникалық машина жасауда «Alageum Electric» АҚ Қазақстанда трансформатор өндіретін 4-ші зауыт салып жатыр. Сондай-ақ аталған компания Солтүстік Қазақстанда және Тәжікстанда өндірісін дамытуды жоспарлап отыр.

«Трансформаторлар өндірісі 2 есеге өсті, кабельді-өткізгішті өнімдер 95, электр аккумуляторлар жасау 14,6 пайызға артты. Өсімге ТМД нарығына, әсіресе Ресей Федерациясына экспорттық жеткізілімдерді арттыру мүмкіндік берді»,- деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, комбайндар, тракторлар және автобустар лизингіне 13 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді. Теміржол машинасын жасауды дамытуға «БРК-Лизинг» АҚ 50 млрд теңге бөліп отыр. Соның арқасында 2019 жылдың соңына дейін жүк вагондарының паркі 3000 бірлікке толығады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз