Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанда ресейлік журналист Соловьевтің келуіне қарсы шығып жатыр

Қазақстандық журналист әрі құқық қорғаушы Сергей Дуванов «Кремльдің үгіт-насихатшысына көпшілік алдына шығуға рұқсат ету – Қазақстандағы кейбір сепаратистік көңіл-күйді қолдау» деп санайды.

Саясаттанушы Расул Жұмалының айтуынша, жұрт Владимир Соловьевті Ресейдің «Орыс әлемі» туралы ұстанымының жоқшысы, советтік зорлық-зомбылықты жүзеге асырған басшыларды ақтау мәселесін көтеріп жүрген, Ресейдің Украинаға шабуылын ақтап отырған белсенді журналист» деп біледі.

– Меніңше, оның «шеберлік класы» дегені – желеу ғана. Ол қалай болғанда да Ресейдің империяшыл саясатын сөз етпей тұрмайды. Мұндай адамдарды көптеген елдер өзіне кіргізбей, нон-грата тұлға деп жариялап қойған. Оған Алматы мен Астананың көрнекті аудиторияларында сөйлеуге рұқсат етіп отырғандар нені көздейтіні беймәлім, – дейді ол.

Владимир Соловьевтің өзі Қазақстанда оған қарсылардың барын біледі. Informburo.kz порталына берген сұхбатында ресейлік журналист Қазақстандағы сапарынан бас тартпайтынын мәлімдеген. Оның пікірінше, әлеуметтік желілерде өзіне қарсы шығып жатқандар, әртүрлі аккаунтармен шығып отырған 10 шақты адам ғана.

«Мен елдің ішкі ісіне араласуды ойлап отырған жоқпын. Мені келіссөз жүргізуді, сөз өнері шеберлігін үйрет деп шақырды. Сол үшін мұны саясиландырғысы келетіндердің артында үкіметтік емес ұйымға қарсы күштер тұр деп ойлаймын. Олар шағын адамдарға кішкене ақша берсе болғаны, әлеуметтік желіні шулатып қоя береді», – дейді Владимир Соловьев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз