Қазақстанда қайтыс болған адамға кететін шығын азайтылмақ.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел азаматтарына биік ескерткіш мола көтермеу туралы шектеу енгізді деп хабарлады “Астана” телеарнасы.
Салтанатты мазар тұрғызу үшін кейбір ел азаматтары, тіпті қарызданып жатады.
“Өмірден өткен адамды соңғы сапарға шығарып салудағы аста-төктілікке біртендеп шектеулер енгізіліп жатыр. Қазақстанның кейбір өңірлерінде салтанатты мазар тұрғызу үшін несие де алып жатады”, – дейді “Алматы қалалық жөн-жоралғы қызметі арнайы куомбинаты” ЖШС-ның директоры Марат Исмаилов.
Комбинат басшысының айтуынша, Қазақстан парламенті таяуда адамды көму тәртібі туралы заң жобасымен таныспақ.
Өткен жылдың тамыз айында Өскеменде ақсақалдар жиыны болып, онда қаза тапқан адамды соңғы сапарға шығарып салудағы аста-төктік қатты сынға алыныпты.