Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қазақстанда бұл бірінші рет”. Тасмағамбетовтің қызы Ақтөбеде жастар үйін салдырды

«Орталық туралы ауызымызды толтырып айтуға болады. Қазақстанда осындай әлеуметтік балалар үйі бірінші рет Ақтөбеден ашылып жатыр. Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өз үйінде тұрғандай сезіну керек. Орталық ішінен бірнеше цех ашылды. Балалар жұмыс жасап үйреніп, өздерін дамытса дейміз. Қазіргі заманда жастар масыл болмау керек. Осы балаларды қуантып жатқан сіздерге алғыс айтамын. Рамазан айында жасаған істің сауапбы үлкен», — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бүгінгі күні Ақтөбеде  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1130 бала бар.  Олардың 860-ы қорғаншылық және қамқоршылықта. 80 бала патронаттық тәрбиеде, 190 бала жетім. Осы санаттағы үш мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр.

«Мейірім» орталығының тәрбиеленушілерімен кездескен Әсел Тасмағамбетова Ақтөбе қаласында әлі де бірнеше жоба жасайтынын атап айтты.

«Сәби» қайырымдылық қорының ұсынысымен салынған «Мейірім» жастар орталығының ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Ел болашағы жастардың қолында. Сол себепті бұл жобаның маңызы зор. Орталықта тек баспана беріліп қана қоймайды. Олардың осы жерден мамандық алуына да жағдай жасалған. Осы бастамамыз әрі қарай дамитынына сенемін. Мұндай орталық Қазақстанда бірінші рет салынды.  Бұл Ақтөбедегі біздің алғашқы жобамыз емес. Мүгедектерге көлік пен бірнеше балалар алаңының құрылысын салып бердік. Бүгінгі шараның біздің қайырымдылық  қорымыздың 15 жылдығымен тұспа-тұс келгеніне қуанамыз», — деді Әсел Тасмағамбетова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз