Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда мектепке жақын орналасқан мешіттер сүріледі

Облыста соңғы үш жылда сегіз мешіт салуға рұқсат берілген, қалғаны заңсыз салынған, дейді сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері.

Қазақстанда биылғы жылдың сәуірінде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды. Енді мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі.

“Егер адам заңсыз ғибадатхана салса, ол оны өзі сүруі тиіс. Кейін ол жерге, құрылыс салуға қажетті рұқсаттарды алып, тиісті органға хабарлауға міндетті. Содан кейін құрылысты бастауға рұқсат етіледі”, — дейді Түркістан облысы сәулет және құрылыс басқармасының басшысы Бақытбай Дүйсебеков.

Мешіт салу бастамасын көтеретін адамдардың біразы рұқсат алмайтындықтан, өңірде заңсыз тұрғызылған мешіттердің саны жыл санап артып жатыр. Салдарынан ауылдар мен округтердегі кейбір діни ғимараттар көбінесе бос қалады, дейді шенеуніктер.

Кездесу соңында шенеуніктер меценаттардан қандай да бір діни нысанды салар кезде заң нормаларын сақтауды өтінді.

Дерек көз:Sputnik.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз