Жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев қазақстандық медбикелерге сыйлық беру туралы сұраққа жауап берді.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
ҚР мемлекететтік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев мебдикелерге сыйлық беру заңды ма деген мәселенің басын ашып берді. Интернет-конференция барысында желі қолданушысы “медбикеге шоколад сыйлау заңды ма және ол үшін қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін?” деген сұрақ қойды.
“Демек, мемлекеттік қызметкер болмаса да, медбике ҚР ҚК 247-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін”, — деді Ішпекбаев берген жауабында.