Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Қазақстанда көлік сатып алу рекордтық көрсеткішке жетті

Осы жылдағы үш айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 16 649 бірлік техниканың барлық түрлері тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 234 автомобильге артық.

І-тоқсанда қайталама тіркеуге 243 161 автокөлік алынды, бұл тіркеудің жалпы санының 93,6 процентін құрайды. Тіркеудің жалпы санының шамамен 65 проценті – 2008 жылға дейін шығарылған автомобильдер (169 349 бірлік). 3 жастан 10 жасқа дейінгі техникадан – 65 364 бірлік, 3 жылға дейінгілерден – 24 861 автомобиль” делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.

І-тоқсанның қорытындысы бойынша,

тіркеу саны бойынша көшбасшы болған Toyota – 40 852 бірлік.

ІІ-орында Lada (VAZ) – 35 032 автомобиль.

ІІІ-орында Mercedes-Benz (Daimler): негізінен 10 жастан асқан неміс машиналары тіркеуге алынған – 19 915.

Кішкене артта қалған Volkswagen көліктерінің есебі – 19 108 бірлік.

V-орында шығу жылдары әртүрлі Audi – 14 806 тіркеулер.

Аймақтар арасында тіркелу саны бойынша,

халықтың тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы әлі де көшбасшы болып отыр, мұнда қаңтар-наурызда 39 607 автокөлік тіркелді (бастапқы тіркеу саны – 1 457).

Екінші орында – Алматы облысы – 38 327 бірлік, оның ішінде 1 208 жаңа тіркелген автомобильдер.

Аймақтар рейтінгісінің үшінші және төртінші орындарында республикалық маңызы бар қалаларына тиесілі – Алматы (32 705 бірлік) және Астана (21 994 бірлік). Дәл осы жерде жаңа автомобильдердің сатылымы да көбірек – бастапқы тіркеу саны 3 407 және 2 046, тиісінше. ​​​​​

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз