Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда көкөніс қымбаттап жатыр

423
АиФ

ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 12-19 ақпан аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (бұған 19 өнім кіреді) тауарларының құны 0,3%-ға өсіп, соңғы 5 апта ішінде ең үлкен өсім көрсетті.

2019 жылдан бастап баға 1,3%-ға көтерілді (тауарлар тізімінде ұсынылған 19 өнімнің15-і)

Көкөністер, бірінші кезекте қырыққабат қымбаттады. Ресми мәліметтер бойынша, жыл басынан бері оның құны 20,8%-ға, ал ақпан айының үш аптасында шамамен 13%-ға өсті.

Жалпы, қырыққабат құнының күрт өсуі 2018 жылдың желтоқсан айында басталды – бір ай ішінде бірден 15,7%-ға (бұған дейін үш жыл бойы желтоқсандық өсімі 2-3% шамасында болған), ал жыл қорытындысы бойынша 31%-ға өсті. Қаңтар айында өсім қарқыны 7%-ға дейін төмендеді, бірақ бүгінде қайтадан қарқын алған.

Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерінде ең үлкен өсім байқалады: ең қымбаты – қырыққабат.

Жезқазғанда – 38,3%,
Өскеменде – 36,4%,
Қарағандыда – 27,8%,
Семейде – 27,2%.

Астанада (36,4%) бағалар үштен бірге өсті. Жалпыреспубликалық өсімді Ақтау (6,7% – ға өсті), Қостанай (10,9%) және Талдықорған (11,7% – ға өсті) ұстап тұр.

Мегаполистерде пияздың бағасы өсіп келеді

Пияз да айтарлықтай қымбаттап жатыр: орташа алғанда ірі қалаларда 2 апта ішінде (5-19 ақпан аралығында) 3%-ға, ал 2019 жылдан бастап – 6%-ға. Астанада 2019 жылдан бастап пияз құны 21,7%-ға, Алматыда 13%-ға өсті. Бұл ретте республиканың басқа қалаларында бағаның өсуі әлдеқайда төмен: 5 қалада бұл көкөніс қымбатқа түскен жоқ, ал Семейде 1,3%-ға арзандады.

Картоп пен сәбіз – 0,1% және жыл басынан 0,6% бағада айтарлықтай аз қарқынмен өсуде. Бұл ретте жалпы республика бойынша жағдай бір көрсеткіште емес. Шымкентте картоп 2,4%-ға, сәбіз 5,6% ға қымбаттады, ал Жезқазғанда баға сәйкесінше 15,1%-ға және 5,9%-ға төмендеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне, мысалы, қияр мен қызанақ кірмейді. Дегенмен, 2019 жылдың қаңтарында осы көкөністер қымбаттады: қияр – 22,3%-ға, қызанақ – 19,6%-ға. Жыл басының бірінші айында-ақ көкөністердің қымбаттауы соңғы 4 жылда көрініс тапқан емес.

Барлығы қымбаттап жатқан жоқ

Дегенмен, әлеуметтік маңызы бар өнімдер бұрынғыдай қолжетімді. Бірінші кезекте сөз қант туралы – жыл басынан бері ол апта сайын 2,9%-ға арзандаған. Бағаның төмендеуі Қызылорданы қоспағанда республиканың барлық ірі қалаларында белгіленді, оның ішінде – Жезқазған (-11,3%) және Алматы (-7%).

Соңғы екі аптада сүзбе де арзандады: қазір оның бағасы ірі қалалар бойынша орташа алғанда жылдың басына қарағанда 1%-ға төмен.

Мұнымен Атырау тұрғындары келіспейді (ол жақта баға 13,8%-ға өсті), бірақ алматылықтар толығымен қолдайды (7,8%-ға төмендеді). Жыл басынан бері республика бойынша орташа 0,4%-ға тұз да арзандады: бұған бағаның Өскеменде 11,5%-ға төмендеуі ықпал етті.

Астанада баға тез өседі

Егер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуін қалалар бойынша  қарастырсақ, Астанада ең жоғары өсім байқалады: 1 қаңтардан 19 ақпанға дейін олар 2,4%-ке өсті.

Бәрінен бұрын пияз, қырыққабат (21,7% және 36,4%) және ұн (7,6%) қатты өскен. Бұл ретте елордада қарақұмық жармасы (-0,7%), жұмыртқа (-1,9%), тұз (-1,7%) және қант (-2,4%) арзандады.

Жыл басынан бері өнімдердің бағасы өзгеріске ұшырамаған Қазақстанның жалғыз қаласы – Жезқазған болды: қырыққабаттың қымбаттауы сәбіз, жұмыртқа, картоп және қант құнының төмендеуімен өтелді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз