Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда киіктер тәулік бойы күзетілуде – Асқар Мырзахметов

136

Оның сөзіне қарағанда, киіктер санының азаюына, сонымен қатар олардың шағын топтарға бөлініп кетуіне байланысты қорғау тәселдерін қайта қарауға тура келді. Осы орайда «Охотзоопромның» мүмкіндіктері күшейтілді. Бүгінде бұл мекемеде 200-ден астам инспектор жұмыс істейтін болса, соның 160-қа жуығы киіктерді қорғауға жұмылдырылды. Бұл ретте жануарларды тәулік бойы күзету тәртібі іске асырылуда.

«Киіктерді қорғауға ғалымдарды да тартудамыз. Олардың берген ұсыныстарын ескере отырып, атқарылып жатқан шаралар жануарлардың санын көбейтуге ықпал етеді деп ойлаймыз. Биылғы санақтың нақты қорытындысы шығарылған жоқ, алайда киіктердің саны былтырға қарағанда артқанын байқаудамыз»,-деп түйіндеді сөзін Мырзахметов.

Еске салсақ, 2015 жылы үш өңірде 134 мың киік қырылды. 2013 жылы Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстарында пастереллезден – 1,5 мың, 2012 жылы – 1 мың, 2010 жылы 12 мыңға жуық киік қырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз