Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қазақстанда қыздар еліктейтін идеал әйел жоқ”. Қарақат қандай шындықты айтты?

289

Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшілеріне берген сұхбатында “Қазақ қызы” қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы мәслихатының депутаты Қарақат Әбден мәлім етті. Ол өз қорының қазақстандық мектептерде жүргізген әлеуметтік сауалнамасының қорытындысын алға тартты. Көптеген қыз балалар өздері үшін кімнің идеал немесе үлгі бола алатыны туралы сұраққа жауап бере алмапты. Ал алынған жауаптар көңіл көншітпейді. Қыздардың біразы өзіне әлеуметтік желі бетіндегі жұлдыздардың, қазақстандық танымал адамдардың өмірі жақын екенін айтқан.

“Идеология жоқ. Ол құрылмаған да. Егер біз жастар тәрбиесі жайында айтатын болсақ, онда біз оларды нақты мысалдар мен нақты бейнелерге сүйене отырып тәрбиелеуіміз керек. Мен бұл жұмыстың кеңестік заманда жақсы жүргізілгенін айтып жүремін. Үлгі тұтар образдар болды. Осыдан да үлгі алуға болады. Келбетті, тәрбиесі жақсы, оның өз еңбегімен жетістіктерге жеткенін, тұрмыс құрып, ана болып, ендігі кезде өз балаларына оның тұрмыс құрып, балалы болған, өз балаларына жақсы тәрбие берген қазақ қызының образын алып қарастырған жөн”, — деп есептейді Қарақат Әбден.

Оның айтуынша,

қазіргі қыздар Дариға Назарбаеваны, Қазақстанның мемлекетттік хатшысының кім екенін немесе еліміздің танымал әйел тұлғаларының кімдер екенін білмейді.

Ал Сіздер ше? Сіздер де солай ойлайсыздар ма? Қазақстанда үлгі етуге болатын нәзік жандылар бар ма?..  Өнерден басқа салада. Бар болса, айтып жіберіңіздерші. Біздің қыздар біліп жүрсін!..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз