Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда «Қазан» («Котел») деген жаңа қаржы пирамидасы пайда болды

210
Сурет: Sputnik / Максим Масло

«Соңғы уақыттарда әлеуметтік желілер мен месенджерлерде «Қазан» немесе «Қара касса» ойыны туралы хабарламалар таратылуда. Смс-хабарламаның мазмұнында белгілі бір қаржы салып, өзіңмен бірге басқа тұлғаларды кіргізу керегі туралы айтылған, —

дейді қадағалау органы.

Яғни үнемі жаңа қатысушыларды тарту арқылы ақша түсіп отырады. Қатысушы ақша салып, жаңа адамдарды тартады, бір сөзбен айтқанда пирамиданың көлемі ұлғайа түседі.

Пирамиданың жоғары жағында тұрғандар табыс табатын шығар. Бірақ төменгі сатылардағылар ешқандай пайда таппайды,

олар өздерінен бір саты жоғары тұрғандарға ақшаларын сеніп тапсырады. Осы ойынды ұйымдастырушылардың жұмысында «қаржы пирамидасының» — алаяқтық жолмен ақша табу белгілері байқалады.

Біріншіден, тез арада нарық деңгейінен әлдеқайда жоғары пайда тауып, тез баюға уәде береді. Екіншіден, ұйымдастырушылардың қолында арнайы лицензиялары жоқ. Себебі қаржы нарығындағы қызметтердің барлығы міндетті түрде мемлекет лицензиясын алуы керек.

Осыған қатысты Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 217 бабы (қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы еске салады. Прокуратура органы астаналық тұрғындарды пайда табудың күдікті тәсілдеріне бармауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз