Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда қандай жол ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды жеңілдету қарастырылмақ?

Сонымен қатар жылдамдықты асыруға қатысты тағылатын айыппұлды азайтпақ. Қазіргі уақытта сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін жылдамдықты арттырғаны үшін 10 АЕК айыппұл салынады. Бұл соманы 5 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылды.

Сондай-ақ қиылыстағы жол ережесін бұзып, келесі бетке өткені үшін салынатын 10 АЕК айыппұлды 3 АЕК көлеміне дейін түсірмек.

Әкімшілік кодекстің 596 бабы бойынша, көліктің қарсы бетке өтуі, тиіс емес жерде өзге көлікті басып озу,  жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өту секілді жол ережесін бұзғаны үшін салынатын 20 АЕК айыппұлды 15 АЕК-ке дейін түсіреді. Тиісті емес жерден айналып, қарсы бетке өтекені үшін жүргізуші куәлігінен 1 жылға айырылады. Бұл жазаны 6 айға қысқарту ұсынылды.

Көліктің дұрыс тоқтамауы және тұраққа дұрыс қоймағаны үшін салынатын 10 АЕК-ті екі есе жеңілдетпек.

Көлікті тротуарға, балалар алаңына, спорт алаңына қойғаны үшін 15 АЕК айыппұл салынады. Бұл жазаны 10 АЕК-не азайту қарастырылуда.

Аялдама немесе мүгедектердің көлігін қоюға арналған орындарға тұрғақтағыны үшін салынатын 50 АЕК айыппұлын 10 АЕК көлеміне дейін азайту көзделді.

Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету және тәртіпке сақшысының ескертуіне құлақ аспағаны үшін айыппұл салынады. Бұл ережені қайталап бұзса, 20 АЕК айыппұл салады. Бұл соманы 15 АЕК-ге ауыстырмақ.

Жаяу жүргіншіге жол бермеу секілді жол ережелерін екі бұзып, ол бір жыл ішінде қайталанғанда салынатын 20 АЕК айыппұлды  15 АЕК айыппұлға ауыстыру қолға алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз