Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қазақстанда қай жерде жақсы өмір сүруге болады: ішкі көші-қон неге өсуде? – сарапшылар

199
Дереккөзі — peopleandcountries.com

Батыс өңірлер, Нұр-сұлтан және Алматы ішкі көшіп-қонушылар үшін көңілдеріне қонымды орталықтары болып қалуда. Бірақ жаңалары – жасандысы да пайда болды.

Бұл туралы зерттеушілер Әсем Құсманова мен Серік Сейдуманов “Ішкі көші-қон процестерінің ерекшеліктері және Қазақстандағы ішкі мигранттарды тартудың жаңа орталықтарының қалыптасуы” атты еңбектерінде жазады.

Жұмыстың толық нұсқасын ҚСЗИ сайтынан оқуға болады.

2016 жылдан бастап ішкі көші-қон өте күшейе бастады

Авторлар 2009 жылдан 2019 жылға дейінгі көші-қон туралы статистикалық мәліметтерді  келтірді. Талдау оның біртіндеп өсіп келе жатқанын көрсетті. Қазақстанның жалпы көші-қон қозғалысында ішкі көші-қонның үлесі басым. 2019 жылы жалпы құрылымдағы ішкі көшіп-қонушылардың үлесі 95%-ды құрады.

Жыл сайынғы ішкі көші-қонға жыл сайын 276 мыңға жуық адам қатысқан. 2000-2002 жылдар аралығында белсенділіктің аздап төмендеуі байқалды.

2003 жылдан бастап 2005-2006 және 2011-2013 жылдары кейбір ерекшеліктерімен ішкі көші-қонның жандану кезеңі басталды.

– Сарапшылар ішкі көші-қон қарқынының жандануын мемлекеттің жаңа жер және аграрлық саясатымен байланыстырады,

бұл “ауылдағы жер қатынастарын реттеу тұрғысынан еркін нарық талаптарына сәйкес келуіне және үдемелілігіне қарамастан, ауылдық аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қиындатты”, – деп атап өткен авторлар.

2016-2019 жылдары ішкі көші-қон барынша күшейе бастады. Егер 2013 жылы тұрғылықты жерін 385,7 мың адам ауыстырса, 2014 жылы — 451,3 мың болған. 2016 жылы бұл көрсеткіш тағы 47%-ға (665,5 мың) өсті. Ел ішіндегі  жаппай көші-қон үрдістері 2019 жылға сай келеді – көшіп келгендер саны миллион адамнан асты.

– Ішкі көшіп-қонушыларды тартатын орталықтар республикалық маңызы бар Нұр-сұлтан және Алматы қалалары болып қала береді. Бұл жерде барлық ішкі көшіп-қонушылардың үштен бір бөлігі қоныстанады (2019 жылғы деректер бойынша республикалық маңызы бар қалаларға барлығы 302 282 адам көшіп келген), – деп жазады зерттеушілер.

Көші-қон кезіндегі шешуші фактор – табыстағы сәйкессіздік. Басқаша айтқанда, адамдар көп ақша табуға болатын жерлерді іздейді. Ал бұл өз кезегінде өңірлік және салалық дамуға байланысты. Тиісінше, ішкі көші-қон бағыты ең дамыған аймақтарға бағытталған.

– Негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың 60%-ға жуығы Қазақстанның батыс облыстарына, сондай-ақ Нұр-сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі. Осы облыстарда елдің жалпы ішкі өнімінің жартысынан астамы өндіріледі және ең жоғары жалақы төленеді.

Мысалы, батыс облыстар, Нұр-сұлтан, Алматы қалалары қызметкерлерінің және Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстары қызметкерлерінің орташа айлық жалақыларының айырмасы 2,6 есе құрайды, – деп атап өткен авторлар.

Неліктен олар тұрғылықты жерін өзгертеді?

Нұр-Сұлтандағы ішкі көшіп-қонушылардың сауалнамасы кезінде респонденттер көшудің негізгі себептері ретінде  бұрынғы тұрғылықты жеріндегі жалақының төмендігін (26,3%) және жұмыстың жоқтығын (23,7%) атаған.

Анықталған себептердің қатарына мыналар да кіреді:

  • отбасылық жағдайлар (балаларының, туыстарының көшуі) – 9,2%
  • қолайсыз экология – 7,9%
  • ауылдық жерде өмір сүргісі келмеуі – 7,9%
    мамандық алу ниеті – 6,6%
    балаларға білім беруді көздеуі — 6,6%

Алматыда жағдай сәл басқаша:

  • отбасылық міндеттемелер — жұбайының (зайыбының) артынан, ата-аналарымен бірге, ересек балаларынан артынан қоныс аудару) – 31,2%
  • білім алу – 23,8%
  • өзін-өзі дамыту мүмкіндігі – 18,4%

2016-2019 жылдар аралығындағы статистикалық деректерге сәйкес ішкі көші-қон Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында өсуде.

2019 жылы Қостанай облысына 40,5 мың адам көшіп келген, ал 2000-шы жылдардың бірінші тоқсанында мұнда ең көбі 20 мың адам қоныс аударған. Орташа алғанда, бұл көрсеткіш жылына 16-дан 18 мың адамға дейін өзгеріп отырған.

2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 23,2 мың адам қоныс аударса, 2000 жылдары бұл көрсеткіш 11 мыңнан аспаған.

2019 жылы Павлодар облысына 35,5 мың адам қоныс аударған, бұрын – 16-17 мыңнан аспайтын.

Ал Шығыс Қазақстан облысына 2019 жылы 58,3 мың қазақстандық қоныс аударса, 2000 жылдары одан екі есе аз болған.

Жасанды тарту орталықтары

Авторлар аталған тартылыс орталықтарының арасында үлкен айырмашылық бар екенін атап өтті. Егер Нұр-сұлтан және Алматы қалаларына қоныс аударса, онда осы өңірлердің кешенді тартымдылығына (дамудың экономикалық аспектісі, инфрақұрылым, өсу перспективалары және т. б.) сүйенетін болсақ,

Қостанай, Павлодар, СҚО және ШҚО – жасанды орталықтар

Өйткені мемлекет жұмыс күші тапшы аймақтарға еңбек көші-қонын арнайы ынталандырған.

Авторлар “жасандылықтың” дәлелі ретінде 1999 жылдан 2015 жылға дейінгі бұрынғы кезеңдердің статистикалық деректерін келтірген. Ол кездегі цифрлар мүлде басқа.

– Әлеуметтанушы С.Жақсылықов атап өткендей, аталған кезеңде “солтүстік облыстардан келген мигранттар негізінен солтүстік өңір шегінде қоныс аударған. 69% солтүстік елді мекендерге, оның ішінде 47%-ы Астанаға (қазіргі Нұр-сұлтан) және оның айналасындағы Ақмола облысына қоныс аударған”.

Оңтүстіктен көшіп-қонушыларға қатысты да осыған ұқсас үрдіс байқалады: “облысаралық көшіп-қонушылардың 67%-ы оңтүстік шегінде: 56%-ы – Алматы мен Алматы облысына, 11%-ы – басқа да оңтүстік облыстарға, 14%-ы – Астана мен Ақмола облысына, 10%-ы – қалған солтүстік облыстарға және 8%-ы – батыс облыстарға қоныс аударған”. Алайда

Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары аса тартымды емес,

олардың әрқайсысының үлесі оңтүстіктен келген мигранттардың 1%-ынан аспайды, – деп жазады авторлар.

Бірақ 2014 жылдан бастап солтүстік облыстарға көші-қон көбейе бастаған. Бұл уақытта “Жұмыспен қамту жол картасы 2020” және “Серпін 2050” бағдарламалары шеңберіндегі көші-қон кезеңі басталады.

Жалғасы бар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз